Бокстан Азия чемпионаты: қайдан және қашан көруге болады?
Кейінгі жылдары бокстан Азия чемпионаттары ашық арналарда немесе Asian Boxing YouTube-арнасында көрсетілді. Биылғы чемпионаттың басталуын қазақстандықтар ақылы түрде көруге мәжбүр болды.
Asian Boxing сайтында турнирді көру үшін төлем 12 доллар, шамамен 6 мың теңге болды.
Ертеңнен бастап Қазақстанда бокс турнирін тегін көруге болады.
Бокстан Азия чемпионаты: тікелей эфир
Бокстан Азия чемпионатының тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында ертең, 31 наурызда басталады. Кейін бүкіл турнир көрсетіледі.
Жарыс сағат 9:00-ден бастап көрермен назарына ұсынылады. Сонымен қатар, World Boxing ұйымының ережесіне сәйкес, жарыстарды тек телеарнадан көруге болады. Сайттар мен қосымшаларда тікелей эфир болмайды.
Бүгін Қазақстан құрамасының екі өкілі жарыс жолынан шығып қалды — 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жазира Орақбаева алғашқы кездесуінде жарақат алып, жарысты аяқтаса, Элина Базарова 54 келіге дейінгі салмақта Үндістаннан келген Прити есімді спортшыға төрешілер шешімімен есе жіберді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от «QAZSPORT» телеарнасының ресми парақшасы (@qazsport_official)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!