Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыға басқа өңірлерден патрульдер келетіні рас па? ІІМ хабарламаға жауап берді

Мессенджерлерде жүргізушілер Алматыға басқа облыстардан полиция патрульдері тартылғаны туралы хабарламаны талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto. Ақпаратқа ІІМ пікір білдірді.
Хабарламада не айтылған?
Хабарламада Алматыға басқа өңірлерден "жұмыс жүргізу" үшін патрульдік полиция экипаждары жіберілгені айтылған. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысынан 100 экипаж келетіні туралы.
Сонымен қатар, хабарламада "мәселені шешуге тырысатын" жүргізушілер де, олар жүгінген адамдар да бірге жазаланатыны айтылған.
ІІМ жауабы
ІІМ кейбір жағдайда расында басқа өңірлерден полицейлер жұмысқа тартылатынын түсіндірді.

"Мұндай тәжірибе жүйелі сипатқа ие және елдің барлық өңірінде оперативті және қылмыстық ахуалды ескере отырып жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда жекелеген өңірлерге практикалық көмек көрсету және алдын алу жұмыстарын күшейту үшін қосымша бөлімшелер жіберіледі", - делінген ведомство хабарламасында.

ІІМ мәліметінше, басты мақсат — жолдағы ереже бұзу жағдайларын азайтып, тәртіп орнату. Барлық тексеріс пен шаралар заңға сәйкес өткізіледі.
Бұған дейін депутаттар Алматыдағы жол апатынан кейін ауқымды шаралар қабылдауды талап еткен еді.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда ірі жол апаты болды: әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.
Mercedes маркалы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде ол мас болған.
Оған қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Сонымен қатар, мемлекеттік нөмір белгілері заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғады, бірнеше лауазымды адам қызметінен босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *