Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір тұрақтылығының негізгі факторы
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының кеңейтілген алқа отырысы облыс әкімінің төрағалығымен өтті. Отырыста өткен жылдың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – тұрғындарымыздың өмір сүру сапасының негізі. Бұл ретте саланың дамуы үшін Мемлекет басшысы нақты міндеттер қойды.
- 2025 жылы салада оң динамика қамтамасыз етілді, ТҮКШ саласын қаржыландыру 30%-ға артты.
- Жылыту жүйесі біздің өңір үшін стратегиялық маңызға ие. Биылғы жылыту маусымына дайындық аясында 12,6 км жылу желілері, 1 520 км электр желілері және 227 қосалқы станция жаңғыртылды. Бұл инженерлік инфрақұрылымның сенімділігін арттырып, жылыту кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз етті.
- Сумен жабықтау жұмыстары 140 ауылда жүргізіліп, оның ішінде 88-і алғаш рет ауыз сумен қамтамасыз етілді, ал қалған елді мекендерде сумен жабдықтау қызметінің сапасы жақсартылды.
— Дегенмен, салада шешілмеген мәселелер бар. Президент 2030 жылға қарай желілердің тозуын орта есеппен 40%-ға дейін төмендетуді тапсырды. Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту ұлттық жобасы аясында биыл жылыту бойынша 5, электрмен жабдықтау бойынша 13 және су және сумен жабдықтау бойынша 7 жоба іске асырылатын болады. 2029 жылға дейін шамамен 3 мың км желі жаңартылмақ, — деді өңір басшысы
Көппәтерлі тұрғын үйлердің жағдайы да өзектілердің қатарында. Осыған байланысты мүләк иелер бірлестігінің жұмысын жеделдету тапсырмасы қойылды. Сонымен қатар, облыс әкімі профильді басқармалар мен аудан әкімдеріне жобаларды уақытылы жүзеге асыруды, жұмыстар сапасын қадағалауды және бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету тапсырды.