Добавить новость
Новости по-русски
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Көкжиде. Мұнайды — судан, игеруді табиғаттан жоғары қою

Көкжиде — Қазақстандағы ең ірі жерасты тұщы су көзінің бірі. Әртүрлі бағам бойынша, онда кемі 1,5 миллиард текше метр су қоры бар. Билік, тіпті, осы жерден су құбырын тартып, елдің батысын толық сумен қамтамасыз етуді жоспарлаған.

Әйтсе де, дәл сол жерде сонау кеңес кезінде мұнай табылып, оны белсенді түрде өндіре бастаған. Қазір бұл маңайда қытайлық China National Petroleum Company (CNPC) компаниясына еншілес ұйым мен тағы төрт жеке компания мұнай өндіреді.

Мұнай мен су ресурстарының бір жерде шоғырлануы қоғам белсенділері, жергілікті тұрғындар мен экологтардың мұнай компанияларына қарсы күресуіне себеп болды. Бірі өндіріс кезінде суға мұнай өнімдері түседі десе, екіншісі «Көкжиде проблемасын» жоққа шығарады.

Бұл күреске үкіметтің ақпан айындағы «өнеркәсіп және экология қауіпсіздігі бойынша белгіленген талаптарды сақтай отырып» мұнай өндіруді жалғастыру туралы шешімі нүкте қойды.

«Власть» Көкжиде су бассейні төңірегінде не болып жатқанын білу үшін мұнай компаниясы өкілдерімен, экологтармен және өңірдегі қоғам белсенділерімен сөйлесті.

Бұл — Көкжиде жерасты суы, мұнай компаниялары мен жергілікті тұрғындардың жағдайы туралы материалдар сериясының үшіншісі. Көкжиде маңындағы мұнай кенттері туралы бірінші бөлімді және өңірдегі еңбек жағдайы жайындағы екінші бөлімді оқи отырыңыз.

Read this article in English.

Читайте этот материал на русском.

Көкжиде деген проблема жоқ

«Қателеспесем, мұның жалғасып жатқанына 15 жылдан асты. Кім көрінген, әсіресе, кәсіби білігі жоқ адамдар Көкжиде проблемасын талқылайды. Содан бір сұрақ туады, Көкжиде проблемасы бар ма өзі?» — дейді «КМК Мұнай» компаниясының бірінші вице-президенті Самат Берденов.

Біз онымен Ақтөбедегі облыстық әкімдікке жақын орналасқан компанияның кеңсесінде, дөңгелек үстел басында кездестік.

«КМК Мұнай» компаниясы 2000 жылдардың басында Ақтөбе облысындағы үш кен орнын игеру үшін басқарушы компания ретінде құрылған. 2007 жылы оны Lancaster Group сатып алды, ал екі жылдан кейін шамамен 164 млн АҚШ долларына Панамада тіркелген, қытайлық Yukon Energy Holding компаниялар тобының еншілес құрылымына сатты. 2012 жылы қытайлық CNPC-Ақтөбемұнайгаз компаниядағы бақылау пакетін (50% + 1 акция) сатып алды, мәміле сомасы жарияланған жоқ.

«Біз Көкжиде кен орнын 2000 жылдардан бері игеріп келеміз. Бұл 25 жыл ішінде жерасты суының құрамынан айтарлықтай өзгерістер анықталған жоқ, — дейді ол. — Әртүрлі ғылыми зерттеулер жүргізілді. Жылына төрт рет Астанадан тәуелсіз зертханалар бақылау жұмысын жүргізеді. Өзіміз 28 бақылау ұңғымасын бұрғыладық. Онда тұрақты мониторинг жүргізіледі. Осы уақыт бойы судың сипаттамасы өзгеріп тұратынын байқаймыз, оған жауын-шашын, геологиялық өзгерістер, өзен ағысы және басқа да факторлар әсер етуі мүмкін. Алайда айтарлықтай ластану фактілері тіркелмеген».

«КМК Мұнай» компаниясының бірінші вице-президенті Самат Берденов. 

Тұрақты мониторинг нәтижесі жерасты суларының ластануын көрсетпегенін «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» және «Фирма Ада Ойл» компаниялары да бізге берген жауабында мәлімдеді. Екі компания да мониторингті жүйелі түрде жүргізетінін, ал кен орындарында бақылау ұңғымалары салынғанын хабарлады.

«Сынақ нәтижесі ластанудың жоқ екенін тұрақты түрде растап отыр», — деп мәлімдеді «Фирма Ада Ойл».

Көкжидеге жақын маңда бес мұнай-газ компаниясы жұмыс істейді: CNPC-Ақтөбемұнайгаз, КМК Мұнай, Қазақойл Ақтөбе, Өріктау Оперейтинг және Фирма Ада Ойл.

Біз барлық операторға сауал жолдадық. Алайда «Өріктау Оперейтинг» жауап бермеді, ал «Қазақойл Ақтөбе» «компания мемлекеттік органдардың ресми сұрауынсыз болжамдар, қауесеттер және қоршаған ортаның ластануы немесе үшінші тұлғалардың шағымдары туралы расталмаған ақпаратқа пікір білдірмейді» деп мәлімдеді.

Мұнай компаниялары 2021 жылы Көкжиде туралы түсірілген «Просто Журналистика» деректі фильмінде көтерілген «қоршаған ортаның ластануына ықтимал үлесіне» қатысты сұрақтарға құлықсыз жауап берді.

Өңірдегі кен орындарында жыл сайын шамамен 600 мың тонна мұнай және 700 миллион текше метр газ өндіріледі. Бұл — Қазақстандағы жалпы мұнай өндірісінің шамамен 0,7% пайызы және өндірілетін газ көлемінің 1,2 пайызы.

Аймақтағы ең ірі ойыншы — Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының еншілес құрылымы CNPC-Ақтөбемұнайгаз. Компания «Кенқияқ тұз үсті» кен орнын игеріп келеді және жоба іске қосылғаннан бері 21,7 млн тонна мұнай өндірген.

«КМК Мұнай» компаниясының вице-президенті Берденов кейінгі бірнеше жылда жерасты суларының ықтимал ластануы мәселесі неге «дау тудыратын тақырыпқа» айналғанына таңданысын жасырмады.

«Бұл мәселені әдейі қоздырып отырғандай әсер бар. Жалпы, осы компанияның барлығы мұнда миллиондаған доллар инвестиция салды. Біз кен орындарын өз бетімізбен басып алған жоқпыз, келісімшарттарға қол қойдық. Ал енді ойын ережесі қайда? Саған жай ғана келіп, кешір, орынды босат дейді».

Оның сөзін ресми жауабында «Фирма Ада Ойл» компаниясының бас директоры Джоши Дип Чандра да қолдайды. Ол «бірқатар жазбада материалдарды біржақты ұсыну үрдісі байқалады» деп мәлімдеді.

Көкжиде құмы

Склярға қарсы экология министрлігі

Жерасты суларының ластанғанын өңірлік экология департаменті мен бас прокуратура алға тартты. 2023 жылы олар өлшемін жасап, жерасты суы құрамынан мұнай өнімдерін анықтаған. Экологтар айыппұл салып, мұнай өндіруді тоқтатуды талап етті. Алайда бес мұнай компаниясы сотқа жүгініп, істі өз пайдасына шештірді.

«Ол негізінен процедуралық мәселе еді. Судың ластану дерегі бар, ұңғымаларды жою жоспары да қалады. Менің ойымша, қоғаммен бірлесіп бұған қол жеткіздік», — дейді Ақтөбе облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Талап Ұснадин.

Сонымен қатар, қоғамнан түскен қысым әсерінен үкімет 2023 жылы 2031 жылға дейін 332 ұңғыманы кезең-кезеңімен жою жоспарын көтерді. Құжатқа бес мұнай компаниясы қол қойып, жабдықтарды бұзып, жерді қалпына келтіруге келісті. 2024 жылы 11 ұңғыма жойылды.

Әйтсе де, 2024 жылдың қыркүйегінде бірінші вице-премьер Роман Скляр кеңесте жер қойнауын пайдаланушылар ұңғымаларды жою жұмыстарын уақытша тоқтата алатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, министрліктер 2025 жылдың соңына дейін Көкжиде бойынша геоэкологиялық және гидрогеологиялық зерттеулерді аяқтауға тиіс. Сол зерттеулер негізінде үкімет су бассейніндегі кейінгі әрекеттер туралы шешім қабылдайды.

Бірінші вице-премьер Роман Скляр (ортасында), көрнекі суретті үкіметтің баспасөз қызметі ұсынды

Зерттеуге тапсырысты мұнай-газ және энергетика компанияларымен мүдделес қауымдастық KAZENERGY берген. Орындаушы ретінде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті таңдалды.

Былтыр қараша айында экология және табиғи ресурстар министрлігі «Власть» басылымына берген жауабында Роман Скляр ұсынған жою жұмыстарын тоқтата тұру бастамасын қолдамағанын мәлімдеді. Жергілікті экология департаменті де «сол ұстанымда» екенін айтады.

«Жақында бұл компаниялар 2026 жылға экологиялық әсерге рұқсат беруді сұрады. Біз бас тарттық. Себебі олар 2025 жылға арналған жою жоспарын орындаған жоқ. Қазір биліктің шешімін күтіп отырмыз, — деген еді бұған дейін Талап Ұснадин. — Көкжиде суы — ішуге жарамды, таза су. Қоры өте үлкен, Батыс Қазақстан өңірін тұтас қамтуға жетеді. Бірақ егер мұнай өнімдерімен ластанса, ауыз су қасиетін жоғалтады».

Былтыр 4 қарашада су ресурстары және ирригация министрлігі жерасты суына мониторинг жыл бойы 124 ұңғымада жүргізілетінін хабарлады.

 Ақтөбе облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Талап Ұснадин

«Шынын айтсақ, біз кәсіпкерлер кодексімен шектелгенбіз, — дейді Ұснадин. — Біз тек есептілікті талап ете аламыз. Тікелей араласуға құқығымыз шектеулі».

Қызметкерлер саны жеткілікті ме деген сұраққа «жеткілікті деп айта алмаймыз» деп жауап берді.

«Бұрын штабта 150 адам жұмыс істейтін. Аудандарда инспекторлар бар еді. Қазір 20 қызметкер, соның төртеуі шығуға болмайтын маман. Демек, бізге, мысалы, бір жерге жету үшін шамамен үш сағат кетеді (Ақтөбе облысы Қазақстандағы ең үлкен аймақ — В.). Бізге апат туралы бірден хабар берілмейді, шамамен екі сағаттан соң хабар келеді. Біз тағы үш сағат жолдамыз. Жеткенімізде, тәртіп бұзу да азаяды», — дейді Талап Ұснадин. Ол Темір немесе Мұғалжар аудандарында инспектор болуы артық болмас еді деп санайды.

Айтуына қарағанда, бұрын олар ай сайын Көкжидеге барып, судан сынама алатын, бірақ қазір бұл қиындап кеткен, себебі өкілеттік жақында құрылған су ресурстары министрлігіне берілді.

Департамент шамамен бір жыл бойы зертхананың аккредитациясын күткен, оны тек биылғы жылдың басында алған. Қазір экология департаменті қаланың басқа бөлігінде, облыс әкімдігінен алыс орналасқан.

 Ақтөбе облыстық экология департаментінің ғимараты               

Шешім

Ақпан айында «Власть» редакциясының ресми сауалына берген жауабында энергетика министрлігі үкімет Көкжиде құм массивінде бұрғылау жұмыстарын жалғастыруға және мұнай өндіруге «өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау шартымен» шешім қабылдағанын хабарлады.

Сонымен қатар ведомствода «геологиялық ортаны тиімді пайдалану және көмірсутектерді қауіпсіз өндіруді қамтамасыз ету» үшін пайдалы қазбаларды пайдалану бойынша технологиялық талаптар тізбесін әзірлеу шешімі қабылданғанын айтты.

Бұл шешім энергетика министрлігі «коммерциялық құпия» деп атап, жария етуге келіспеген зерттеу нәтижесіне негізделген.

Су ресурстарын пайдалану мәселесіне қатысты су ресурстары және ирригация министрлігі қазір Атырау және Маңғыстау облыстарын Көкжиде, Айшуақ және Солтүстік Айшуақ кен орындарынан ауыз сумен қамтамасыз ету жобасының экономикалық тиімділігін қарастырып, жүзеге асыру тәсілдерін зерттеп жатқанын мәлімдеді.

Бұрын сөйлескен мұнай компаниялары үкіметтің шешімін күтіп отырғанын айтқан. Берденов келісімшарт ұзартылса, су өндіруді және батыс облыстарды сумен қамтамасыз ету үшін су құбырын салуды қолдайтынын қосты.

Біз облыстағы экология департаментінен зерттеу нәтижесіне қатысты пікірін сұрағанда, олар оны әлі алмағанын айтты.

Өзге мәселелермен қатар, ақпан айындағы шешім Көкжидеге оның қорғалатын аумағын кеңейту жөнінде ұзақ талқыланып келе жатқан ұсыныс тұрғысынан да әсер етуі мүмкін.

Қазан айында Ұснадинмен әңгімелескенімізде ол бұған дейін мұндай қадамға негіз болғанын, бірақ процесс жылдар бойы тоқтатылғанын айтқан.

«Мұнай компаниялары карта өзгеру перспективасына өте наразы. Қорғалатын аумақ шекарасын өзгерту көп жылдан бері талқыланып келеді. Әрине, біз [экология департаменті] бұған қуанатын едік», — деді Ұснадин.

Біз танысқан қорғалатын аумақтың карта жобасына сәйкес, кеңейтілген шекара қазір мұнай айдағыштар пайдаланып жатқан жерлерді де қамтитын болады.

Көкжидеге әрі мұнай өндірілетін аймаққа жақын орналасқан Шұбарши ауылы 

Бәрі өзара байланысты

Көкжиде пайдалы қазбаларды пайдаланушылардан келетін ықтимал зиянға балама көзқарасты Ақтөбе ғалымдары мен қоғам белсенділері ұсынды.

Олардың бірі — Ақтөбе облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыруға қатысқан, Жұбанов атындағы университеттің экология кафедрасының доценті Ақылжан Телеуов.

«Бұл кен орнын игеру тарихына қарағанда, совет кезіндегі мақсат пайда табу емес, барлық аймақтың экономикалық дамуын қамтамасыз ету саясаты болды деп ойлаймын. Гипотезаға сүйенсек, олар осы жерлерді игерудің бір формасы ретінде өнеркәсіпті енгізген сияқты. Сол кездегі экономикалық дағдарыс кезінде инвесторларды тартқаны түсінікті, бәлкім, сол кезде халықты құтқарудың жалғыз жолы болды. Бірақ қазір заман басқа. Халықтың өмір сүруін қамтамасыз еткен барлық ресурс қазір жарамсыз. Өсімдік, топырақ және су ресурстарын жоғалттық, себебі бұл кен орындарын игеру формасы үлкен аумақты қамтиды», — дейді ол.

Дегенмен, ол пайдалы қазбаларды пайдаланудың зиянын айтуға кіріспестен бұрын олардың шығу тарихын түсініп, оны аймақ табиғатының қалған бөлігімен байланыстыру қажет деп есептейді.

Телеуов Көкжидені көбінесе «тек құммен байланысты» деп қабылдайтынын және ауадағы ылғалды сүзу қабілетімен танымал екенін айтады. Дегенмен, ол аймақ климаты құрғақ, жауын-шашын аз екенін айтады.

«Біріншіден, бұл жартылай шөлейт және шөл аймағы, мұнда жауын-шашын мөлшері ең көп дегенде 220–250 миллилитр. Екіншіден, ауа ағыны мен ылғал Атлантикадан келеді. Ол біртіндеп кебеді, бізге тек қалдығы жетеді. Бір теория бойынша, құм бар жерде су бар, құм жоқ жерде су жоқ. Осыған сүйене отырып, кен орнының контуры жасалды. Бірақ егер біз қазып қарасақ, үлкен аумаққа таралған алып құмтас қабаттарын табамыз», — дейді ол.

Жұбанов атындағы университеттің экология кафедрасының доценті Ақылжан Телеуов

Телеуовтің пікірінше, Көкжиденің пайда болу тарихын аймақтағы жер бедерінің эволюциясынан тыс түсінуіміз қажет.

«Мысалы, Мұғалжар тау жүйесін алайық. Қазір оны қашауда сындырып, қиыршық тасқа айналдырып жатыр. Сол арқылы өзен ағысының құрылымын өзгертеді, ол су бұрын әрқашан баратын жерге жетуге мүмкіндік беретін. Қазір су далаға кетеді. Сондықтан ол буланып, үлкен су басқан аумақтар пайда болады. Су басқан жерлерде тұздану және сорға айналу процесі жүреді. Осылайша қайтадан жер жарамсыз болады, — дейді Телеуов сәл үзіліс жасап. — Меніңше, Көкжидедегі су ресурстарын қалыптастыру кезінде ландшафт құрылымы маңызды рөл атқарады. Таулардан бастап, рельефтің бөлшектелуін зерттеп, судың енетін учаскелерін анықтау қажет. Сол кезде біз суды ғана емес, тау мен даланы да сақтау керегін түсінеміз, өйткені бәрі өзара байланысты», — деп түсіндіреді ол.

Телеуов пайдалы қазбаларды пайдаланушылардың қызметі туралы айта келе, аймақтағы, соның ішінде Көкжидедегі су мәселесіне қатысты негізгі проблеманың бірі аумақтың үлкен әрі халқы тығыз орналаспағанына байланысты бұл жерді «тіршілік жоқ» деп есептеу екенін айтады. Бұл компанияларға еркін әрекет жасауға мүмкіндік береді. 

«Өкінішке қарай, бізде болып жатқан процестің нақты бейнесі жоқ, оны бақыламайды және бәрі компаниялардың бақылауында», — деп қосты профессор.

Ол бір ұңғыманы күтіп ұстау қызметі тиісті инфрақұрылымды талап ететінін айтады. Қоймалар, жолдар, базалар, ауысымдық ауылдар және тағы басқасы көбіне табиғи ландшафтқа зиян келтіреді.

«Жер беті топырақ қабаттарымен жабылған. Олардың құрылымы өте нәзік, тығыз емес, сондықтан ылғал сіңе алады. Егер көлікпен жүрсеңіз, топырақты тығыздайсыз да, су ішке сіңе алмайды. Нәтижесінде, үстіңгі қабат деградацияланады, яғни су сіңбейді немесе қоқыстармен бірге сіңеді. Мұнай бұрғыдан төгіледі дегенге сенбеймін, өйткені ешбір кәсіпкер мұнай жоғалтатын саңылауды ашық қалдырмайды. Дегенмен, айта кететіні, бұрғылау ұңғымаларының саны қажеттен көп болып шықты, олардың көбі таусылған және жабылған күйінде қалған», — дейді ол.

Телеуов бұрғылау ұңғымаларын жою да техниканы қажет ететінін, ол жер бетін ластайтынын, бірақ «жақсы ниетпен» жасалатынын айтады.

«Жерді қалпына келтірудің мінсіз формасы жоқ. Көбіне оны табиғатқа қалдырады, өздігінен өсіп-өну деңгейіне сенеді. Бірақ құрғақ климат жағдайында бұл процесс болмайды десек болады. Дегенмен, жеткілікті уақытыңыз бен ақшаңыз болса, кез келген техникалық мәселені шешуге болады», — дейді ол.

Қорытындылай келе, Телеуов Көкжидедегі суды пайдалану қажет, бірақ бұл судың қоршаған табиғатпен байланысын және жерасты бассейнінің пайда болу тарихын түсінгеннен кейін ғана жасалуға тиіс деп санайды.

«Қазір барлық министрлік өзіне қойылған міндеттерді толық көлемде орындайды. Бірақ, өкінішке қарай, олардың қызметі бір ғана сипатта. Игеру. Сол бақылаусыз игеру қалаға ішкі көші-қонның едәуір өсуіне алып келді. Өйткені мал шаруашылығымен ғана айналысуға болатын, ештеңе екпейтін, өсіре алмайтын аймақтарда қалай өмір сүруге болады? Халық мемлекеттің цифрлар арқылы көрінетін нақты жоспары мен міндеті бар екенін түсінуі керек. Бірақ ведомстволық міндеттер бар, сосын адамзаттық міндеттер бар. Өзімізден кейін не қалдырамыз? Туған жерімізде не қалдырдық? Біз онда қайта орала алмаймыз. Тым құрығанда, балаларымыз қайта орала алатындай жағдай жасасақ ше?» — дейді Телеуов.

«Құрсаудамыз»

«Бұл қадамға барсаңыз, оны қайта түзету мүмкін емес. Өзімізді алдаймыз. Мұнайшыларды ешкім қуып шығара алмайды. Бас прокуратураның қатаң ескертуіне және президенттің үндеуіне қарамастан. Өйткені ұңғымаларды жою салдары одан да ауыр болуы мүмкін. Біз қазір құрсаудамыз», — дейді Ақтөбедегі «Шешім мен әрекет бірлігі» қорын басқаратын, сондай-ақ су балансын сақтау бағдарламаларына қатысқан экобелсенді Александр Мандрыкин.

Мандрыкин де Телеуов сияқты Көкжидені ең алдымен жан-жақты зерттеу керегін, оның ішінде аймақтағы басқа су көздерімен өзара байланысын ескеру қажетін айтады.

«Жер бетімен ағатын су тас ішіндегі сумен тікелей байланысты. Бұл бір организм, — дейді ол аймақтағы су ресурстары жағдайының өте нашар екенін атап көрсетіп. — Бұрын судың ағу бағыты анықталатын, онда биік ағаштар мен су жанындағы өсімдіктер бар еді, қазір ол да жоқ. Табиғи қайта орнына келу жоқ, су балансының таусылу белгілері бар. Су ағысы тез өтеді де, кейін су тапшылығы пайда болады».

Ақтөбедегі «Шешім мен әрекет бірлігі» қорын басқаратын экобелсенді Александр Мандрыкин

Ол Көкжидедегі су ресурстарын пайдалану мен игеруге болмайтынын, батыс өңірлерге су құбырын салу жоспарларын тоқтатуды ұсынады.

«Өте үлкен тәуекел, біз бұл суды зерттемедік те. Ішкі резервтерді дайындамай, соңғы қайнар көзге қол сұғып отырмыз,. Біз кемінде қазіргі су тұтынудың 30 пайызын қамтамасыз етуіміз керек, ол айналымдағы су болуға тиіс (суды тазалап қайта қолдану – ескерту)», — деп наразылық білдірді.

Мандрыкиннің ойынша, билік Көкжидеге пайдалы қазбаларды пайдаланушыларды кіргізген болса, енді қауіпті азайтуға міндетті.

«Олардың қаражатын ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға қолданыңыз, әлеуметтік инфрақұрылым жобаларына қаржы жинаңыз, ықтимал қатерді азайту бойынша техникалық тапсырмаларды таратыңыз. Барлығына алдын ала жоспар жасаңыз, мысалы, су кетіп жатса не істейді?» — дейді ол.

Оның ойынша, аймаққа, сондай-ақ бүкіл Қазақстанға «су өткізгіш жерлердегі сыртқы және жасырын көздерді қалпына келтіру бойынша рельефтік ландшафт бағдарламасы» қажет.

«Болды, суды қорлаудың қажеті жоқ. Бульдозермен оны ала алмайсың, біз трансшекаралық өзендерге толық тәуелді елміз. Тек ойластырып, суды сақтауға болатын жерлерде әрекет ету керек. Көкжидені алатын болсақ, рельефтік толықтыруды қалай белгілеуге болатынын ойланайық. Мысалы, бір ауыл аумағында кеуіп кеткен бөлік бар делік. Немесе ол су ағындарымен толып отырады. Оның арнасы қайда? Оны қайта толтырыңыз. Әр ағынды артерия сияқты көгалдандырыңыз. Мамандар әлі бар екенін пайдалану керек», — деп қорытындылады қоғам белсендісі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *