15 жастағы мектеп оқушысы Бейжіңде Miss Bikini Universe-2016 байқауында Қырғызстанның намысын қорғайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 жастағы мектеп оқушысы Саадат Асылбекова «Мисс бикини Қырғызстан 2016» титулын жеңіп алды, енді ол Бейжіңде Miss Bikini Universe-2016 байқауында елдің намысын қорғайды.