Қостанай облысында жол апаты кезінде Ресейдің екі азаматы қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында Екатеринбург-Алматы тас жолында рейстік автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы кезінде қаза болғандар арасында Ресей Федерациясының екі азаматы бар. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.