Алматы жолдарында жыл басынан бері ереже 440 мың рет бұзылды - ІІД
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жолдарында биылғы жылдың басынан бері жол қозғалысы ережесінің шамамен 440 мың рет бұзылғандығы анықталды. Сәйкесінше, ереже бұзған жүргізушілер 1,5 миллиард теңгедей айыппұл төледі. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.