Facebook пайдаланушыларының саны 1,71 млрд адамнан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісінің соңғы корпоративті мәліметтері бойынша, оның белсенді пайдаланушыларының жалпы саны 1,71 млрд адамнан асты. Оның 1,1 млрд әлеуметтік желіге күнде кіреді.