Қазақстанда вирусты гепатитпен күресу бойынша айлық басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Дүниежүзілік вирусты гепатитпен күресу күніне арналған айлық басталды. 28 тамызға дейін еліміздің барлық өңірлерінде тұрғындар үшін оқыту семинарлары, медицина қызметкерлері үшін тренингтер өтеді, деп хабарлайды pm.kz.