Алматы ІІД Есентайдан табылған Сафар Шәкеевтің мүрдесі жайында түсініктеме берді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Есентай өзенінде, Тимириязев көшесінің төменгі жағында белгісіз адамның мүрдесі табылған болатын. Көп ұзамай ол Сафар Шәкеевтің мүрдесі екендігі анықталды. Осыған қатысты жаңа ғана Алматы қалалық Ішкі істер департаментінде арнайы брифинг өтті.