Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі өзгереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кг, ампер, кельвин және моль. Аталған төрт өлшем бірлігінің анықтамалары келесі жылдан бастап өзгеретін болды. Бүгін Францияның Версаль қаласында өткен Өлшемдер мен таразылар бойынша 26-шы бас конференция жиналысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.