«Сарыарқа - адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне 1000-нан астам өтініш түсті
![«Сарыарқа - адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне 1000-нан астам өтініш түсті](https://www.inform.kz/radmin/news/2019/07/22/190722220250290a3550078i.png)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне Қарағанды облысының тұрғындарынан 1000-нан астам өтініш келіп түсті. Көп жағдайда өтініш берушілер құжаттарын алуға және заңды мәселелерді шешуге көмектесуді сұраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.