Елордада 61 мыңнан астам адам 42 500 теңгеден әлеуметтік көмек алды
![Елордада 61 мыңнан астам адам 42 500 теңгеден әлеуметтік көмек алды](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/04/12/200412181257020e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Елордада 42,5 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті 61 мыңнан астам адам алды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.