Украина мен Ресей арасы не болып жатыр? 6 сұраққа жауап

Украина мен Ресей арасы не болып жатыр? 6 сұраққа жауап

Кейінгі күндері әлеуметтік желіде ресейлік ауыр әскери техника тиелген пойыздардың бірнеше видеосы тарады. Түрлі ақпарат көздері пойыздардың Сібірден Украинамен шекаралас аудандарға бара жатқанын айтады. Ал Ресей бақылауындағы Қырым көпірі қысқа уақытқа жабылып қалған. Бұл да қару-жарақ тасымалына байланысты болуы мүмкін.

Ресейдің мемлекеттік телеарналары болса, Украина мен Ресейдің қолдауына ие сепаратистік күштердің шартты шекарасында артиллериялық атыс болып жатыр деген үрейлі ақпар таратумен әлек.

Мұның бәрі Украина мен Ресей арасындағы "қырғи-қабақ" соғыс кескілескен шайқасқа айналады дегенді білдіре ме?

Азаттық мәселенің жай-жапсарын түсіндіру үшін Украина-Ресей текетіресіне қатысты алты негізгі сұраққа жауап ұсынып отыр.

УКРАИНАНЫҢ ШЫҒЫСЫНДА ОНСЫЗ ДА СОҒЫС БОЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ ПА?

Иә. Украинаның шығысында орналасқан Донбасс аймағындағы қақтығыс жеті жыл бұрын дәл осы айда басталған. Ұрысты тоқтату туралы көп келісім жасалғанына қарамастан, Донбастағы қақтығыс тоқтаған жоқ. БҰҰ-ның дерегінше, 2014 жылдың сәуірінен бері 13 мыңнан астам адам қаза тауып, бір миллионға жуық халық үйін тастап көшуге мәжбүр болған.

Соңғы ірі қақтығыстардың бірі 2017 жылы қаңтарда Авдеевка қаласында болған. Бірақ снайпер мен минометтан атылған оқ дауысы күнделікті естіліп тұрады. Кейінгі айларда көп адам шығынына әкелген ұрыстардың бірі 26 наурызда Донецкінің солтүстігіндегі Шума ауданында өткен.

Өткен айда украиналық шенеунік 2020 жылдың шілдесінен бері Украина әскерінде 45 жауынгер қаза тауып, 320 адам жараланғанын хабарлады.

Наурыздың соңынан бастап Ресей әскерінің Украина мен 2014 жылы наурызда өзі жаулап алған Қырым шекарасына жақындай түскені байқалады.

Бұл батыс елдерін алаңдатып отыр.

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫ ШЕКАРАҒА АПАРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ҚАНША?

Кейінгі екі аптада Ресей қарулы күштерінің Украина шекарасы мен оған жақын маңдағы аудандарға және Қырым территориясына қарай қозғалғанын растайтын фото, видеоайғақтар және өзге де деректер тарады.

Суреттердің қай жерде түсірілгенін анықтап, Кремль болмаса да, Ресей әскерінің ниетін білу үшін бұл ақпарат ашық дереккөздермен жұмыс істейтін зерттеушілер, журналистер және басқа да тұлғаларға жіберілді.

Ресей мұны әскери қуатын көрсетіп, Киевті қорқытып, батыс елдеріне "Қажет болса, Украинаға аз уақыттың ішінде басып кіре аламын" деген белгі беру үшін жасап отыр деген болжам жиі айтылады.

Мәскеудегі Карнеги орталығының қызметкері Максим Саморуков 5 сәуірде жариялаған мақаласында "Ресей өз әскерінің Украина шекарасы мен Қырымға жақындағанын ашық көрсету арқылы көрші мемлекетті аяқ астынан шабуылдап, қапыда қалдыруды емес, қоқан-лоқы көрсетуді көздеп отырғанын дәлелдеді" деп жазды.

Жағдайды бақылап отырған мамандар Ресей әскері бұрын да тұрақты әскери жаттығулар кезінде көшіп-қонып жүргенін, бірақ ешқандай елге басып кірмегенін айтады. Кей сарапшы әскердің бұл жолғы қозғалысының әскери дайындықтарға қатысы жоқ деп есептейді.

РЕСЕЙ НЕ ДЕЙДІ?

Ресей бұл мәселеге жөнінде нақты мәлімдеме жасаған жоқ. Өткен аптада Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистердің Ресей әскерінің Украина шекарасына жақындауы туралы сұрағына жауап беруден бас тартып, "Алаңдауға себеп жоқ. Күш құрылымдарының шекарадағы қозғалысы – Ресейдің ішкі мәселесі" деген.

Бірақ Қырым Ресейдің ішкі мәселесі дегенді Киев те, Батыс елдері де, тіпті әлемнің басым бөлігі мойындамайды. Олар Мәскеудің Қара теңіздегі түбекті иеленуге құқығы жоқ деп есептейді.

Донбасс пен Солтүстік Кавказ шекарасына жақын орналасқан аудандарға жауапты Оңтүстік әскери округ әскердің дайындығын тексеру үшін 29 наурыз бен 30 сәуір аралығында ондаған жаттығу өткізетінін хабарлады. Бұл округ Ресейдің Қырымдағы әскери құрылымының да жұмысын қадағалайды.

Бірнеше күн бұрын Ресейдің қорғаныс министрі мәселені одан әрі ушықтырды. 25 наурызда Сергей Шойгу елдің солтүстік-батысындағы Псков қаласында орналасқан 56-десанттық шабуыл жасағы қайта құрылып, Қырымдағы Феодосия портына жіберілетінін айтты. Керченский бұғазындағы көпірдің жабылуы әскери техника тасымалдаумен байланысты деген ақпарат бар.

Ресей қатысатын көлемді әскери дайындықтардың бұрыннан өткізіп жүргенімен, сарапшылар қару-жарақ тасымал әдеттегіден ауқымды дейді.

6 cәуірде Шойгу елдегі барлық әскери округте кең көлемді әскери жаттығулар басталғанын айтты.

ОҚ АТУ ТОҚТАДЫ МА?

Украинаның шығысында жиі бұзылатын оқ атпау туралы келісім Минск шартынан басталған. Қос бөлімнен тұратын келісімнің екіншісіне 2015 жылы ақпанда қол қойылды. Қол қоюшылар қатарында Украина, Ресей және Украинаның жікшіл облыстары Донецк пен Луганск, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы болды.

Одан бөлек, қақтығысты тоқтатуға мүдделі Ресей, Украина, Франция және Германия өкілдерінен тұратын Нормандия форматы бар. Бірақ бұл топтың мақсаты орындалған жоқ. Оған Ресейдің Украинаның шығысындағы сепаратистерді қаржыландыруы, Украинаның ішкі саясаты, Франция мен Германияның Мәскеуге қарсы тұрып, Киевті қолдауға келгенде бір шешімге келе алмауы сияқты бірнеше фактор әсер еткен.

Германияның сыртқы істер министрлігі 3 сәуірде жариялаған мәлімдемесінде қазіргі шиеленісте сабыр сақтау керегін ескертіп, бұл үндеуін барлық тарапқа арнаған.

Бұл мәлімдеме бірқатар ресми тұлғаның сынына ұшырады. Олар Ресей әскерінің шекараға жақындап, қауіп төндіруін Украинаның Донбастағы қорғаныс амалдарына теңестіруге болмайтынын айтып, наразылық білдірген (7 сәуірдегі дерек бойынша, Украинаның қару-жарағын жаппай басқа жаққа тасымалдап жатқанын растайтын ақпарат жоқ. Ресейдің Қырымдағы әрекетімен салыстырғанда, Украинадағы кез келген әскери қимылы шекара ішінде ғана жүріп жатыр).

Еуропа одағы Украинаны қолдады. Одақтың жетекші дипломаты Жозеп Боррель қаңтарда Еуропа елдерінің Мәскеумен қарым-қатынасын нығайту үшін Ресейге барып, қорланып қайтқан. Осыдан соң сарапшылар "Бұл мәселеге келгенде Еуроодақтың Ресейге ықпал ету тетігі аз" деген қорытындыға келген.

Ресей жөніндегі сарапшы Марк Галеотти өз кітабында "Мәскеу Батысқа "Украинаны сөз жүзінде қолдауды жалғастыра берсеңдер, сөзді іске айналдыруға мәжбүр боласыңдар" дегенді түсіндіргісі келетін сияқты. Ал Кремль Еуропа іске көшуге құлықты емес деп ойлайды" деп жазады.

АҚШ-ТЫҢ ҚАТЫСЫ ҚАНША?

Сарапшылардың айтуынша, Ресей қимылдарының уақыты мен ауқымы Мәскеудің АҚШ пен оның жаңа сайланған президенті Джо Байденді сынап көргісі келетінін білдіруі мүмкін. Байден вице-президент кезінде Украинаның берік қолдаушыларының бірі ретінде танылған.

Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін Вашингтон Мәскеуді санкцияның қыспағына алды. Кейінгі жылдары АҚШ Ресейге жылы қабақ танытқандай болғанымен, Байденге дейінгі президент Дональд Трамп Мәскеуге қарсы санкцияларды күшінде қалдырған.

Байден әкімшілігі Ресейге қатысты әлдеқайда қатаң саясат ұстанып отыр: жаңа президент қызметіне кіріскелі қос мемлекеттің қарым-қатынасын қайта қарау немесе нығайту мәселесі қаралмайтыны бірнеше рет айтылған.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс 5 сәуірде "Ресейден бұл арандатуға түсініктеме беруді сұрадық. Бастысы, украиналық әріптестерімізді қолдап, оларды сабырға шақыратын хабарлама жібердік" деді.

АҚШ-тағы жаңа президент әкімшілігі ресейлік оппозиционер Алексей Навальный жүйке жүйесін зақымдайтын "Новичокпен" уланып, Байденнің ант беру рәсімінен үш күн бұрын Германиядан Ресейге оралған кезде бірден тұтқындалғаннан кейін Мәскеуге қарсы экономикалық санкциялар салған.

Байден әкімшілігі Ресейдің барлау қызметін АҚШ үкіметінің компьютерлеріне кибершабуыл жасады деп кінәлап, Мәскеуді бұл үшін жауап аламыз деп қорқытқан. Бірақ жаңа президент Ресейге қарсы нақты қандай шаралар қолданатынын ашып айтпады.

2 cәуірде Джо Байден Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, Киевті толықтай қолдайтынын білдірген. Бұл қоңыраудан бұрын АҚШ пен Украинаның қорғаныс министрлігі мен қарулы күштерінің шенді өкілдері сөйлескен.

Еуроодақ Украинаға жақсы жұмыс істейтін, жемқорлықтан таза үкімет құру үшін жүздеген миллион еуро ақша берсе, АҚШ Украина әскерін дайындықтан өткізіп, танкіге қарсы зымыран, қарсы тараптың қару-жарағын анықтайтын радар және түнде көруге арналған көзілдірік сияқты құрылғылармен қамтамасыз еткен.

1 наурызда АҚШ-тың қорғаныс министрлігі Украинаға 125 миллион доллар көлемінде көмек берген. Бұл жолы Украина әскеріне артиллерияға қарсы радарлар мен тактикалық құралдардың көмегімен ұшу, басқару және бақылау қабілетін жақсарту, қалыптасқан жағдай туралы ақпарат алуды күшейту, спутниктен түсірілген суреттерді талдау, әскери эвакуация және жараланған жауынгерлерге медициналық көмек көрсету мүмкіндігін арттыратын құрылғылар жіберілген.

Кремль Украинаның НАТО-ға қосылуына түбегейлі қарсы. Жуық арадаы Киевтің әскери одаққа кіруі екіталай болғанымен, Зеленский бұл мәселеге қатысты ашық мәлімдемелер жасап үлгерді.

Зеленский НАТО-ның бас хатшысымен сөйлескеннен кейін Twitter парақшасына "Әскерді және қорғаныс секторын реформадан өткізгіміз келеді. Бірақ Ресейді тоқтатуға бір ғана реформа жеткіліксіз. Донбастағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолы – НАТО" деп жазды.

РЕСЕЙГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕТІН ҚАДАМ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

Киев, Вашингтон мен батыс елдері "Кремль бірнеше ірі әскери жаттығу өткізіп, күш құрылымдарын ары-бері көшірумен ғана шектеле ме?" деген сұраққа нақты жауап таба алмай отыр.

Бұл үшін Ресейдің айналасындағы басқа қақтығыстарға қандай реакция білдіріп отырғанына көз жүгіртіп көруге болады. Совет одағы тарағаннан кейін Грузиядан бөлінген Абхазия мен Оңтүстік Осетия, Молдованың Приднестровье аймағы сияқты аумақтарда бұрын "уақытша тоқтатылған кикілжіңдер" қайта өршіді.

Ресей күштері бұл қақтығыстардың бәріне не бітімгер, не кәдімгі әскер ретінде қатысқан. Бірақ Ресей әскер кіргізерде БҰҰ немесе ЕҚЫҰ-дан рұқсат алмағандықтан, қақтығыс аймағындағы жағдайды өз пайдасына шешу үшін тұрақсыздық туғызуға тырысады.

Осыған дейін Венада Донбасқа ЕҚЫҰ ұранымен халықаралық бітімгерлер жіберу бастамасы көтерілген. Бірақ бұл ұсыныс шешімі табылмаған бірнеше мәселеге, оның ішінде "Бітімгерлерге Ресей-Украина шекарасындағы немесе Украинадағы бақылау сызығындағы тәртіпті қадағалауға рұқсат беріле ме?" деген сұраққа келіп тірелді.

Сарапшылардың көбі Ресей үлкен соғыс бастап, Украинаның басым бөлігін жаулап алуға тырыспайды, дәл қазір Мәскеу ондай тәуекелге бармайды деп есептейді.

Chatham House талдау орталығындағы Ресей жөніндегі бағдарламаның бұрынғы басшысы Джеймс Шер Украина территориясына Ресейдің бітімгерлік күштерін кіргізу Мәскеудің де көңілінен шығатын шешім болуы мүмкін деп есептейді.

"Жергілікті текетірес күшейіп, мәселе Ресейдің бітімгерлік күштерін түйісу сызығының бойына орналастырумен аяқталуы мүмкін деген нұсқа шындыққа көбірек ұқсайды" деді Шер Эстониядағы халықаралық қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі орталыққа берген пікірінде.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Феодосии, в Крыму и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Феодосии

Ria.city

В Ближних Камышах временно отключили воду

Прокурор Феодосии проведет прием граждан

Водитель автобуса, который высадил 11-летнюю девочку, заплатит штраф

Мэр Феодосии занимается зарядкой в виде общественных работ

Музыкальные новости

Как Россия уступила Азербайджану значительные территории Дагестана и два села

В "Атомайз" рассказали о смарт-контракте как главной составляющей ЦФА

Группа Metallica даст виртуальный концерт в Fortnite 22 июня

Сказка Ульгэра «Волшебные башмачки Элли» по мотивам знаменитой сказки Александра Волкова «Волшебник Изумрудного города» - Театр и Цирк, Культура и Концерт, Россия и Дети

Новости Крыма

В Феодосии проходят военные учения

В Ближних Камышах временно отключили воду

Что посмотреть и послушать в Феодосии 20 июня

Крымфиннадзор провел проверку в Управлении городского хозяйства Администрации Феодосии

Экология в Крыму

Kenzo, коллекция menswear весна-лето 2025

Ирина Ортман оставляет в прошлом «Всё, что было вчера».

Есть или не есть кровянку, прокомментировал гастроэнтеролог Садыков

Сохраним океан для планеты с Waldorf Astoria Seychelles Platte Island

Спорт в Крыму

Теннисистка Самсонова вышла в финал турнира в Хертогенбосхе

Россиянка Людмила Самсонова выиграла турнир WTA в Хертогенбосе

Экс-теннисист Ольховский: россияне могут хорошо выступить на Уимблдоне

Скачков и Тайлакова выиграли соревнования по настольному теннису на Играх БРИКС

Moscow.media

Военные следователи провели рейд по бывшим мигрантам в Феодосии

В Красноярском крае будут судить азербайджанца, который в 2006 году избил и изнасиловал певицу

Пьяный гражданин Азербайджана из Тулы поехал в гости к брату и открыл стрельбу в Кургане

Axenix перевел разработку платформы In.Plan на сервисы Yandex Cloud







Топ новостей на этот час в Феодосии и Крыму

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *