Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақтөбеде жалақы алмаған жұмысшылар наразылық танытты

Ақтөбеде қарашаның 21-і күні 2018 жылдың мамыр айынан бері еңбекақыларын ала алмай жүрген бір топ мұнайшы Ақтөбе облыстық әкімдігіне барып, наразылық білдірді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауына кірмек болған мұнайшылардың айтуынша, олар Ақтөбедегі "АСКА Экспо Центр" компаниясында еңбек еткен. Атырау облысының Мұқыр ауылына жақын маңда мұнай өндірген компания мұнай бұрғылаушылар мен олардың көмекшілері - жалпы саны 15 шақты адамға жалақы төлемеген.


- Компания маған 445 мың теңге қарыз. Мамыр айынан бері жалақы алған жоқпын. Ара-тұра 10-15 мың теңгеден аванс ретінде беріп қояды. Қалғанын "әне-міне" деумен келе жатыр. Жыл аяқталуға жақын. Әйелім науқас адам. Отбасымда менен өзге табыс табатын ешкім жоқ, – дейді бұрғылаушы Бейсенбай Медетбаев.


Облыстық әкімдікке жалақыларын даулап келген мұнайшылардың арасында еңбекақысыз жүргендіктен өз еркімен жұмыстан шығып кеткендері де, әлі де үміттеніп, вахталық әдіспен жұмыстарын жалғастырып жатқандары да бар. Олар мамыр айынан бері еңбек инспекциясына да, сотқа да шағым түсіргенін, әзірше еш нәтиже жоғын" айтты.


Наразы топпен кездесуге шыққан Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Оразаевтың айтуынша, инспекция бұл жайттан хабардар және қол қусырып отырған жоқ.


- Еңбек инспекциясына "АСКА Экспо Центр" компаниясының үстінен 15 арыз түсті. Компания өз жұмысшыларына сегіз миллион теңгеден астам берешек. Барлық арыз тіркелді. Біз "АСКА Экспо Центр" компаниясына ұйғарым жолдап, 300 мың теңгеге жуық айыппұл салдық. Ол ұйғарымымыз орындалмаған соң компанияның үстінен әкімшілік сотқа шағымдандық. Әкімшілік сот тағы 200 мың теңге айыппұл салды. Жуырда компанияның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Барлық материал Ақтөбе облыстық полиция департаментіне тапсырылды, - дейді Бауыржан Оразаев.


Еңбек инспекциясы "АСКА Экспо Центр" компаниясынан жалақыларын ала алмай жүрген мұнайшыларға құқықтық қолдау көрсетуге де дайын екенін білдірді. "Егер мұнайшылар компанияны сотқа беретін болса, біз талап-арыз дайындап беруге әзірміз" дейді Бауыржан Оразаев. Наразы топ бүгін облыс басшысымен жолыға алған жоқ. Оларды еңбек инспекциясының басшылары мен облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов қабылдап, мәселелерін шешуге көмектесетіндерін айтты.


Азаттық тілшісі жалақы дауына қатысты комментарий алмақ болып "АСКА Экспо Центр" компаниясының басшылығына хабарласқанымен,  телефон қоңырауына жауап бермеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *