Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Белсенділер "жиһадшылар ісіне" қатысты мәлімдеме жасады

Қарашаның 21-і күні Алматыда бір топ азаматтық белсенді "жиһадшылар ісіне" қатысты мәлімдеме жасады. Олар Ганди саябағында кездесу ұйымдастырып жүріп істі болған азаматтық белсенділер Алмат Жұмағұлов, Кенжебек Әбішев пен Оралбек Өміровке қарсы куәлік еткен адамның өзін жауапқа тарту керек деп санайды. 


- Белсенділер пәтердің ішінде ҚДТ қозғалысын қолдайтын бейне ролик түсіреді. Кейін Асхат Шарбат оларға бетімізге бетперде киіп тағы бір ролик түсірейік деп өтініш айтады. Бірақ белсенділер келіспейді. Олар кетіп қалған соң сол пәтерге басқа үш адам келіп, жиһадқа шақыратын екінші бейне ролик түсіреді. Яғни екі ролик бар, біріншісі – ешқандай заңсыздық жоқ, ал екіншісі - Өміров қатысқан, жиһадқа шақырған ролик. Тергеу барысында сол роликке Жұмағұлов пен Әбішевтің де қатысы бар деп, жауапқа тартып жатыр, - дейді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина. 


Ол бұл роликті түсірткен адам бұл қылмыстық істе қазір айыптау жағының куәгері екенін айтты. 


Алматылық үш тұрғын - 51 жастағы Кенжебек Әбішев, 47 жастағы Оралбек Өміров және 43 жастағы Алмат Жұмағұловты 2017 жылы қарашада полиция "терроризм актісін жасауға жария түрде шақыруды тексеру" деп атаған іс аясында ұстаған. Былтыр қарашаның 28-і күні үшеуі қамауға алынып, кейін оларды қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылған. Алмат Жұмағұлов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынап жүрген бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов басқаратын және биыл наурызда Астананың Есіл аудандық соты "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) оппозициялық қозғалысы ұнайтынын ашық айтады. Ал Кенжебек Әбішев "ҚДТ-да шаруам жоқ, оған еш қатысым жоқ" деп мәлімдейді.


Олардың ісін Алмалы аудандық соты қарап жатыр. Қазір бұл процесте куәгерлерден жауап алу басталған.


Қазақстандық құқық қорғау ұйымдары бұған дейін Әбішев пен Жұмағұловты "саяси тұтқын" деп таныған. Билік бұл қоғамдық-саяси статусқа қатысты комментарий бермейді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *