Ресейліктердің 61 пайызы елдегі проблемаларды Путиннен көреді
Ресейліктердің үштен екісіне жуығы (61 пайызы) президент Владимир Путин елдегі проблемаларға тікелей жауапты деп біледі. Бұл туралы "Левада-центр" орталығының 22 қарашада жариялаған сауалнама қорытындысында айтылады. Сауалнамаға қатысқандардың тағы 22 пайызы елдегі проблемаларға президенттің "аздап қатысы бар" деп санайды, 10 пайызы Путин қалай болғанда да дұрыс саясат жүргізіп отыр, ал проблемалар "салақ әрі жемқор шенеуніктердің" кесірінен туындайды дейді. 6 пайызы барлық проблеманың себебін "шынайы жағдайлардан" көреді. Читать дальше...