Теңіз кенішінде мұнай өндіру қалпына келтірілді
Қазақстан энергетика министрлігі 31 қаңтарда Теңіз кенішінде мұнай өндіру қалпына келтірілгенін хабарлады. Алғашқы ұңғыма бүгін сағат 3:35-те іске қосылған. "Қазіргі кезде 5 ұңғыма пайдалануға берілді. «Теңізшевройл» компаниясының техникалық қызметтері келесі топтық өлшеу қондырғысын іске қосуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұнай өндіру көлемін арттыру жүйе параметрлері тұрақтандырылып, өндірістік процестердің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады" деп жазылған министрліктің хабарламасында. Читать дальше...