Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тәттінің миға әсері қандай?

Тәтті тағамдарды тұрақты тұтынатындар қарны тоқ кезде де тамақты жеуден бас тартпаған.

Қантты көп мөлшерде тұтыну артық салмаққа әкеліп, кариес пен диабет ауруына шалдықтыратынын біле тұра одан бас тартқымыз келмейді. Кейде құрамында қанты көп балмұздақ, кәмпит не газдалған сусынды өзіміз байқамай мөлшерден тыс тұтынатын кездеріміз болады. Қантқа тәуелділік қайдан пайда болады? Оның миға әсері қандай? Неге біз тәттіні жақсы көреміз?

Глюкоза — кеңінен таралған күш-қуат көзі. Қантты тұтыну арқылы денедегі жасушаларға жылдам қуат береміз. Осыдан барып біздің ағзамыз тәттіні ең қажетті қуат көзі деп санайды.  Тәтті тағамды тұтынғанда біздің миымыз дофамин деп аталатын ерекше гормонды көп мөлшерде бөледі. Бұл гормон адамның ләззат алуына жауап береді. Осы себепті адам әркез құрамында глюкозасы көп тәтті тағамдарға құштар болып келеді. Дофамин көп бөлінгенде адам тәттіні көбірек жегісі келе түсетіні осыдан.

Тәтті тағамға тәуелділікті есірткіге тәуелдікпен теңеу туралы ғалымдар мен дәрігерлер он жылдан бері таласып келеді. Адамның өмір сүруіне ең қажетті деп саналатын тамақты қалайша есірткіге теңеуге болады дерсіз. Бірақ әлемде күйзеліс не аш кезде тәттіге деген ынтасын тоқтата алмайтын адамдар бар. Тәттіге құмарлықты азайту үшін онымен кәдімгідей күресу қажет. Өйткені бұйрық тікелей мидың префронтальді қабығында жиналған тоқтату нейрондарынан келіп түседі.

Тәттіге деген тәуелділіктен қалай арыламыз? 

Ұзақ уақыт бойы тәтті тағамды үзбей тұтынған адамдарда тоқтату нейрондарының жұмысы әлсіреп, шешім қабылдауы қиындай түседі. Сол себепті тәттіге құмар адамдар сүйікті тағамынан ауыз тимесе тұра алмайды. Алайда тәттіден де бірден бас тарту дұрыс емес. Рационның бір сәтте өзгеруі тоқтату нейрондарына кері әсер етіп, оның жұмысының одан сайын әлсіреуіне әкеп соғады.

Жақында өткізілген зерттеуде адамдардың қарны аш және тоқ кезінде калориясы жоғары тамақты жеуді ұсынған. Тәтті тағамдарды тұрақты тұтынатындар қарны тоқ кезде де тамақты жеуден бас тартпаған. Бұған қарап тәтті тағамды тұрақты тұтынатындар уақыт өте оның мөлшерін көбейтпесе азайтпайтынын білдіреді. Бұл өз кезегінде түрлі ауыр дерттерге әкеп соғады.

Дәрігерлер тәтті тағамның орнына кептірілген жемістер, үйеңкі шырыны, бал, жералмұрт шырыны, мальтоза сірнесі, пальма қанты және стевия шөбін тұтынуға кеңес береді.

Дереккөз: Massaget.kz

Сообщение Тәттінің миға әсері қандай? появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *