НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 желтоқсанда Қазақстанда Тұңғыш Президент күні атап өтіледі. Елордада осы мерекеге орай Елбасының жас мемлекеттің қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі туралы баяндайтын бірқатар салтанатты іс-шаралар, дәрістер, концерттер, көрмелер өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.