Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қордай ауданында «кризистік орталық» ашылады

Бүгін Қордай ауданына облыс орталығында құрылған «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу» тобының мүшелері келіп, бірнеше елді мекенді аралап, халықпен кездесті, деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған топ құрамына бірнеше облыстық басқармалардың жетекшілері кірді. Ал, «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу» тобына жетекшілік ету үшін облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков таңдалды.

Аты айтып тұрғандай бұл топтың басты мақсаты азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін анықтап, баға беріп, шешу жолдарын қарастыру. Ең әуелі топ мүшелері аудан әкімдігінде жиналыс өткізді. Аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозовтың төрағалығымен өткен кездесуде Жорабек Баубеков көпшілікті топтың құрамымен және жұмыс жоспарымен таныстырып шығып, сапарларының мақсатын да тілге тиек етті.

Өз сөзінде Жорабек Нұрмергенұлы Президенттің 1-қыркүйек күні Қазақстан Халқына арнаған жолдауын сөз етіп, Мемлекет басшысы Жолдауда әлеуметтік мәселелерге кеңінен тоқталғанын атап өтті. Осы міндеттерді орындау «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу» тобының мақсаты екенін жеткізіп, басты проблемаларға тоқталды.

— Біздің міндетіміз халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеп, тұрғындардың проблемеларына құлақ түріп, көмек беру. Әрине, кез-келген әлеуметтік мәселе бірінші кезекте жұмыссыздықтан басталады, содан кейін тұрғындардың тиісті біліммен қамтылуы, денсаулығы, тағы басқасы. Қордай ауданында біз бірнеше елді мекенді аралап, аз қамтылған, көп балалы және көмекке мұқтаж азаматтармен кездесеміз және бірнеше іс-шара өткіземіз. Сонымен қатар, Қ.Тоқаевтың Жолдауын наситтау жұмысы да бар, – деді Жорабек Баубеков.

Осыдан кейін аталмыш топ мүшелері Әлжан ана және Степной ауылдарында тұрғындармен жиын өткізіп, қоғамдық қабылдау жүргізді. Бұл кездесулерде Жорабек Баубеков өздерінің келген мақсатын және Жолдауды кеңінен насихаттап, жақында ауданда «кризистік орталық» ашылатынын атап өтті. Бұл орталықта тұрғындардың тұрмыстық проблемаларын шешуге арнайы мамандар көмек көрсететін болады-мыс. Кейіннен, қоғамдық қабылдау барысында ауыл тұрғындары топ мүшелеріне көкейіндегі сұрақтарын жолдап, жауаптарын алды.

Сообщение Қордай ауданында «кризистік орталық» ашылады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *