Әлихан Смайылов БҚО-дағы күре жолдарды жөндеу қарқынын жеделдетуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Үкімет басшысы өңірдегі бірқатар кәсіпорынды, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.