Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Он аймақтағы 12 мың балаға мектепке баруға көмек жасалмақ

"Самұрық-Қазына" АҚ балаларды қолдау ісінде ерекше бастамаларға себепкер болып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аталған ұжым биыл мектептің бірінші сыныбына қадам басқалы отырған 12 мың бүлдіршінге көмек көрсетіп жатыр. "Мектепке жол" атты акция бастап, балалардың білім алуына қажетті кеңсе заттары үшін 185 миллион теңге бөлді. Мұны мемлекеттің білім беру саласына жасалған үлкен көмек десек те артық айтқандық емес. 
Игі іс Қазақстан аумағын толық қамтымақ. Жоба арқылы Ақмола облысынан бастап, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан мен Павлодар облысының, әрісі жаңадан құрылған Абай облысындағы балалар сыйлық алады. Бүлдіршіндердің тізімі әр өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың ұсынған деректеріне байланысты құрылған. Әр сыйлықта сөмке, қалам, дәптерден бөлек басқа да қажетті құрал-жабдық салынған қоржындар болады. Осынау істен кейін білім теңізіне енді бойлайтын бүлдіршіндердің оқып-білуге ұмтылатыны сөзсіз. 

Қазіргі кезде волонтерлар мен қызметкерлер аймақтарға сыйлықтарды жеткізіп үлгерді. 19 тамыздан бастап сыйлықтарды балаларға табыстау жүзеге асуда. 1 қыркүйекке дейін жалғасатын "Мектепке жол" акциясын жүйелі атқаруда "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының еңбегі орасан, рөлі ерекше. Осылайша, "Самұрық-Қазына" АҚ халықтың хәл-жағдайына мән беріп, әр кез көмек қолын созуға әзір екенін байқатып келеді. Осыған дейін түрлі салаға қолдау көрсеткен ұжым биыл да белсенділік танытып жатыр.
Таяуда "Самұрық-Қазына" АҚ азаматтардың дұрыс өмір салтын ұстануына жол сілтеп, "Саламатты болашақ" жобасын қолға алды. Бұл бастама арқылы ерекше қажеттілігі бар балалар спортпен жыл бойы жүйелі шұғылданып, әлеуметтік интеграциясына, физикалық оңалуына, дене мүмкіндіктерін қолдау мен денсаулығын нығайтуға мүмкіндік ашылды. Бүлдіршіндерді жікке бөлмей, келешекте қоғамның қозғаушы күшіне айналатын жандарды қолдау ісінде "Самұрық-Қазына" АҚ бар күшін салып келеді. Осы арқылы мемлекеттің жандануына үлкен үлес қосып, көпке үлгі боларын айғақтай түсуде. 
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *