ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі елдің халықаралық қоғамдастықтағы рөлі мен жаңа сын-қатерлері туралы
![ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі елдің халықаралық қоғамдастықтағы рөлі мен жаңа сын-қатерлері туралы](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/03/09/230309175521203e.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанның әлемдегі ең беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына 31 жыл толып отыр. Содан бері Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастыққа үлкен мән беріп келеді. Еліміз тек талқылауға ғана емес, сонымен қатар жаһандық проблемаларды шешуге белсенді түрде атсалысып, күн тәртібіндегі кейбір мәселелерге бастама көтеріп жүр. 1992 жылы БҰҰ-ға кіргеннен бері еліміз өзінің міндеттемелерін адал атқарып, өзін сенімді серіктес ретінде көрсете білді.