Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын
![Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/03/16/230316181510385e.jpg)
АНКАРА. ҚазАқпарат – Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.