Алматы облысында прокуратураның тексеруінен кейін газ арзандады
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен Шамалған, Жандосов, Шалқар, Еңбекші, Үштерек, Құмарал, Тұрар МТФ және Арай, Аянат, Дархан, Баркөл бау-бақша қоғамдарының тұрғындарына газ тарифі төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.