Қарағандыда заңсыз үй салған құрылыс компанияларының «қара тізімі» жасалды
![Қарағандыда заңсыз үй салған құрылыс компанияларының «қара тізімі» жасалды](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/03/27/230327221605952a4050181i.jpg)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылықтарды заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуда сақ болуға шақырады. Облыс орталығында жеті жаңа ғимарат бойынша жұмыс сот шешімімен тоқтатылды, тағы үшеуінің материалдар қаралып жатыр. Оның барлығы жобаның сараптамасынсыз салынған. Қазір үлескерлердің ақшасын тарта алмайтын құрылыс компанияларының «қара тізімі» жасалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.