Ярослава Шведова: Елдің қолдауын сезіну – үлкен бақыт
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасы 14-15 сәуірде Beeline Arena ұлттық теннис орталығының топырақ төсенішіндегі кортында Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңінде Польша командасымен матч өткізеді. Кездесуге Қазақстан құрамасы қалай дайындалмақшы? Алдағы мақсат-міндет қандай? Осыған орай Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берді.