Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

"Басын кесіп алған". Алматыда өлтірілген әйелдің таныстары күдіктіні таныды

Алматыда куәгерлер кісі өлтірді деген күдіктіні таныды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол әйелдің басын кесіп алған. Атышулы іс бойынша сот отырысында өлтірілген әйелдің таныстарынан жауап алынған. Құрбысы сотталушы байғұс әйелге баспанамен көмектесуге уәде бергенін айтты. Сол күні ол ер адамды саябақта чемодандарымен күтіп тұрған, кейін мәйіт сол жерден табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
20 қыркүйекте Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алған оқиға бойынша сотта төрт куәгерден жауап алынды. Сот отырысына өлтірілген әйелдің құрбысы мен таныстары – тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар шақырылды. Үй-күйсіз жүргендер бірден қылмыскерді таныған.

"Ол сіз едіңіз. Мен сізді өз көзіммен көрдім. Маған қысым жасамаңыз!" – деді куәгерлердің бірі.

Ольга Куликова өлтірілген әйелді 13 жылдан бері білетін. Күдікті қылмыскерді саябақта көрген. Куәгер былай дейді: өмірінің соңғы күні құрбысы аш болып, жуынғысы келген. Ал сотталушы құрбысына пәтер жалдауға уәде берген-ді. Әйел саябақта чемодандарын алып Иманқұсовты күтіп тұрған.

"Ол қатты ауырды. Бізден шарап сатып алуды өтінді. Біз шарап сатып алдық. Ол ішіп, кетіп қалды. Ол маған: "Егер сол ақ шашты адамды көрсең, мен саябақта орындықта отыр деп айта салшы", деді. "Ол маған пәтер жалдап бергісі келеді. Мен сондай шаршадым. Мен тамақтанып, жуынып, ұйықтағым келеді", деді. Айғайлағанды ​​мен естімедім. Денис айқайды естіген. Ол: "Естідің бе? Біреу айқайлап жатыр", – деп еске алады куәгер Ольга Куликова сол күнгі оқиғаны.

Куәгерлердің айтуынша, олар сотталушының жәбірленушіге жақындап, содан кейін оны әңгімелесу үшін саябақтың басқа жеріне апарғанын көрген. Содан кейін әйелдің таныстарының бірі оның денесін тауып алған. Дәл сол түні ол қылмыскерді байқап қалған.

"Телефонның жарығын қостым да қарадым. Оның жатқанын көрдім, басы жоқ. Мен қорқып, телефонды өшіріп, қалтама салып, аллеяға қайта шықтым. Бұл адам қарсы алдымнан шықты. Мен оның қара көзілдірік кигенін, шашы ағарған екнін байқадым", – дейді тағы бір куәгер Денис Яровых.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *