Алтын күз мерекесі
Алтын күз мерекесі сценарий, алтын күз сценарий балабақша, Көмек Ыбырайұлы, Сценарий алтын күз ортаңғы топ, алтын күз сценарий балабақша даярлық тобы
Зал іші күз мезгіліне сай безендірілген. Сахна пердесіне әртүрлі жапырақтар жапсырылып, айналаға көрік беріп тұр.
Төрге қойылған тақтарда – Күз Ханшасы және оның үш баласы: Қыркүйек, Қазан, Қараша отырады.
Қастарында қолына шиыршықталған хат-хабарлама ұстап тұрған хабаршы.
Сахнаның екі жағына қатысушыларға арнап орындықтар қойылған.
Хабаршы: Бәріңе! Бәріңе! Құлақ салып тыңдаңыздар! Бүгін Күз Ханшасы және оның балалары – Қыркүйек, Қазан, Қараша бәріңізді күзгі бал кешіне шақырады! Ханшайымның бұйрығы бойынша барлық қонақтар ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңілмен кешті тамаша өткізуі керек.
Қазір ортаға «Балауса» патшалығы сарайының ханзадалары мен ханшайымдары келіп тұр. Қарсы алайық!
Көңілді әуен ойналады. Балалар бір қыз бен бір ұлдан...