Түркістан облысында ағайындылар ірі көлемде есірткі өндірген
Полиция ақпаратынша, қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйде ағайынды екі ер адамның синтетикалық есірткіні ірі көлемде заңсыз өндіруді ұйымдастырғаны анықталған.
"Оқиға орнынан тінту кезінде жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон, 1,5 тонна прекурсор алынды. Оларға сараптама тағайындалды. Сондай-ақ реактор, колбалар, магниттік араластырғыш, канистрлер, пластикалық науалар және есірткі өндіру белгілері бар өзге де құрал-жабдықтар тәркіленді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Осы ретте ІІМ есірткі өндіруді жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!