Алматы облысында жеке үйдің ауласына жылан кіріп кеткен
"112" пультіне Қарасай ауданының Береке ауылындағы жеке тұрғын үйдің аумағынан жылан табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
"Оқиға орнына ТЖД құтқарушылары жедел жетті. Арнайы жабдықтың көмегімен бауырымен жорғалаушы ұсталып, қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство.
ТЖД жабайы жануарларды көрген жағдайда оларды өз бетінше ұстауға әрекеттенбеу керектігін ескертті. "112" қызметіне хабарласып, мамандарды шақыру қажет.