Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Құтқарушылар кәуап пісіретіндерге креативті ескерту жасады

Жетісу облысының құтқарушылары қазақстандықтарға кәуап пісіру кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін ерекше тәсілмен еске салды. Креативті видео желіде тез тарап кетті, деп хабарлайды Tengri Life.
Не болды?
Жетісу облысының құтқарушылары тұрғындарға белгіленбеген жерлерде кәуап пісірудің қауіпті екенін ерекше форматта ескертті.












Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті (@112jetisu)


Ведомство мобилографы Тэрон Эджертон түскен "Шыңда" драмалық фильмінің әлеуметтік желілерде танымал болған үзіндісін негізге алған.

@skarsgard1h3 жалпы менің инстам Тэрон Эджертонға толып кетті, фильм талғамға қарай, егер бірдеңе болса рақмет айтпай-ақ қойыңыздар фильм: "Вершина" 2026 Apex 2026 Music: Chemical Brothers - Go ???????????????? #apex2026 #taronegerton #charlizetheron #chemicalbrothers #movie ♬ түпнұсқа дыбыс - vlvtn????????

Қазақстандық контент-мейкерлердің креативі
Кейінгі жылдары қазақстандық ведомстволар аудиториямен "бір тілде" сөйлесу үшін әлеуметтік желілер мен мемдерді белсенді қолдана бастады. Соның ішінде кейбір роликтер миллиондаған қаралым жинап жүр.
Мәселен, жақында Қостанай облысының полицейлері аңызға айналған Barbie Girl хитіне әзіл-шыны аралас кавер жазды. Алайда трек тақырыбы өте маңызды - мәтінде есірткі таратудың салдары туралы айтылған.












Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by wejiton (@wejiton)


"Қазавиақұтқару" мен Жетісу облысы құтқарушыларының ролигі де кем түспейтін танымалдылыққа ие болды. Былтыр қызметкерлер Inna - Caliente әнінің сүйемелдеуімен құтқару операциялары кезінде қолданылатын техниканы көрсетті.











Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)


Трендке Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты да қосылды. Олар 20 жылдан кейін мемге айналған әйгілі жалғыз пингвинді "құтқару" туралы әзіл видео жасап шығарды.












Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by ӘҚК Әскери институты Военный институт СВО (@visvo.kz)


2024 жылы әртүрлі ведомство қызметкерлерінің жас әріптестерінен жасын сұрап, жауабына таңғалатын роликтері де танымал болды. Бұл трендті Арнайы операциялар күштерінің ерекше мақсаттағы бригадасы да іліп әкетті.

@v68665 Біз де трендтеміз #рекомендации #сарбаздар #ерекшемақсаттағыбригада #балалар @Талгат Кулманов @Qazaq_askeri @cadet_corp @Kapitan Kassenov ♬ түпнұсқа дыбыс - АОК Ерекше Мақсаттағы Бригадасы

Айта кетейік, ақпанда Жітіқарадағы бөбекжай тәрбиеленушілеріне арналған өрт қауіпсіздігі сабағының видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын тебіренткен болатын. Сол кезде өрт сөндірушілер мектеп жасына дейінгі балаларға өрт кезінде қалай әрекет етуді және ғимараттан қалай эвакуациялануды ойын түрінде үйреткен еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *