Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қызылордада коммуналдық сала үздіктері марапатталып, техникамен қамтамасыз етілді

Бүгін Ботаникалық саябақта облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы кең көлемді тазалық акциясы өтті.

Ауқымды акцияға облыс бойынша 17694 адам қатысты. Олардың қатарында зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма, департамент және инспекция басшылары, «AMANAT» партиясының өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары мен экобелсенділер болды.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы, дамуға ұмтылған кез келген елдің мызғымас ұстанымы»,- деген болатын.Қоршаған ортаны қорғау, оны күтіп ұстау тек мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың міндеті және қоғамның ортақ негізгі құндылықтардың бірі болуы тиіс.Өңірімізде санитарлық тазалық, абаттандыру, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында кешенді жұмыстар қарқынды жүруде.Қызылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі және Қорқыт ата сквері, бүгінгі шарамыз өтіп жатқан Ботаникалық саябақ қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді.Өңірімізде дизайн код бекітіліп, облыс орталығынан бастап барлық елді мекендер бірегей архитектуралық талаптарға сәйкестендірілді.Облыс орталығындағы 80-нен аса ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельмен қапталды. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын тауып, қосымша 21 тұрғын үй жаңғыртудан өтуде»,- деді аймақ басшысы.
Іс-шарада қоршаған ортаны қорғауға және тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізуге үлес қосқан 100 қызметкер марапатталды.

Экологиялық инфрақұрылымды нығайту мақсатында салалық мекемелерге 26 арнайы техника табысталды. Оның ішінде қалдық тасымалдаушы көліктер, өрт сөндіру техникалары, тракторлар және кіші өрт сөндіру кешендері бар.

Ботаникалық саябақ аумағы көгалдандырылып, 500 түп қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Бұл жұмыстар өңірді жасыл желекке бөлеуге, ауа сапасын жақсартуға және қала тұрғындары үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға бағытталды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде облыстың барлық елді мекенінде бір мезгілде ауқымды сенбілік және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Облыс әкімі Ботаникалық бақ аумағында орналасқан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бастамасымен қолға алынған жылыжай жұмысымен танысып, оқытушыларымен пікір алмасты.

Жылыжайда көкөніс өсіріледі.
Айта кету керек, жыл басынан бері өңірдегі экологиялық шараларға 121 992 адам, яғни еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласының және кәсіпорын қызметкерлері белсене қатысты.
Осы уақыт аралығында 3 030 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылып, 3 367 сквер мен парк, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 019 әлеуметтік нысан, 669 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 210 су объектісі және 5 383 көше бойы тазартылды. Бұл жұмыстарға 548 арнайы техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, жыл басынан бері облыс аумағына жергілікті климатқа бейімделген 88 567 түп ағаш көшеті отырғызылды. Олардың қатарында қарағаш, терек, Сыр талы және басқа да көшет түрлері бар.Бүгінгі акция – өңірдегі экологиялық мәдениетті дамытуға, табиғатты қорғауды жүйелі жолға қоюға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *