Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мектептерде БЖБ мен ТЖБ-дан бас тарту: не өзгереді?

Оқу-ағарту министрлігі мектептерде БЖБ мен ТЖБ-дан біртіндеп бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Олардың орнына жекелеген бақылау жұмыстары кеңірек қолданылуы мүмкін. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова үкіметтегі брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Eduсation.
Журналистер министрден қазір БЖБ мен ТЖБ жүйесін қайта қарау үшін қандай шаралар қарастырылып жатқанын сұрады.
Анықтама: БЖБ - бұл бөлім бойынша жиынтық бағалау, ТЖБ - тоқсан бойынша жиынтық бағалау.
Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, қазір Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселе бойынша ауқымды талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, министр мектептерде қазірдің өзінде жекелеген бақылау жұмыстары - диктанттар, шығармалар мен мазмұндамалар енгізіліп жатқанын атап өтті.

"Сондықтан біртіндеп БЖБ мен ТЖБ-дан бас тартуды ойластырып отырмыз, бірақ ол үшін негіздемелер, соның ішінде талдау қажет", - деді ол.

Шенеунік биыл Оқу-ағарту министрлігі мен Орта білім беру комитеті 2025–2026 оқу жылына арналған 1–11 сыныптар бойынша БЖБ мен ТЖБ-ға талдау жүргізгенін хабарлады. Ол тамыз конференциясына қарай ведомство БЖБ мен ТЖБ-ның қай сыныптарда сақталатынын, ал қай жерде басқа бағалау нысандарымен алмастырылатынын анықтауды жоспарлап отырғанын айтты.
Мән-жайы
БЖБ мен ТЖБ салдарынан туындайтын жүктеме тақырыбы бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Тіпті 2019 жылы министрлік мектептердің кейде күніне 6–7 БЖБ немесе ТЖБ өткізетінін, мұның жол берілмейтін жайт екенін айтқан болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *