Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шавкат Рахмонов шеттетілгеннен кейін топ-боксшыға қарсы шықты

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жарақатынан айығып, жаттығуға оралды. Оның залдағы серіктесі шеттетілген боксшы Дулат Бекбауов болды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстанның танымал MMA файтері ақпанда кезекті ота жасатып, октагонға 2024 жылдың желтоқсанынан бері шықпаған болатын.
Dar Team командасы Шавкаттың отадан кейін алғаш рет жекпе-жек жағдайында жүрген видеосын жариялады.
Әлеуметтік желідегі видеода Шавкат бокс тұрысында бокстан әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовпен жаттығу өткізіп жатыр.

"Жай ғана жанкүйерлерді қуантып қою үшін, Шавкаттың оралғанын көрсетпек болдық. Бірақ бұл толыққанды жаттығу емес еді. Қазір аяғымен айналысып жатырмыз. Бұл "пуш-пуш" деп аталатын, жеңіл форматтағы ойын жаттығуы болды. Әзірге толыққанды жаттығулар жасап жатқан жоқпыз", - деді Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров тілшімізге берген сұхбатында.

Рахмоновтың боксшымен түскен видеосы: спарринг пе, әлде басқа ма?
- Неге бұл спаррингті боксшымен өткізуді жөн көрдіңіздер, командада ММА файтерлері көп қой...

"Әрине, бізде Шавкатпен жұмыс істей алатын файтерлер бар. Олардың арасында жастар да, тәжірибелі жігіттер де көп. Мен мұны спарринг деп айтпас едім. Алда әлі ұзақ оңалту процесі күтіп тұр. Тек тік тұрып қозғалдық, қазір аяққа күш түсіруге, күресуге немесе күрес тәсілдерін жасауға болмайды. Ол енді ғана қалпына келе бастады. Соның алғашқы қадамдары десек болады. Біздің командада Дулат Бекбауов бар, ол бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, кәсіпқой боксшы, өте мықты. Біз бірге аздап қозғалу үшін жаттығып жүрміз. Ол жерде нағыз спарринг болған жоқ, тек ойын түріндегі жаттығу болды", - деп атап өтті маман.

Еске сала кетейік, Бекбауов 2025 жылдың соңында антидопинг ережелерін бұзғаны үшін 2027 жылдың 17 қарашасына дейін жарыстардан шеттетілген болатын.
Бұл ретте Қазақстан бокс федерациясы Дулаттан допинг табылмағанын, ал жаза оның антидопингтік ұйымға бірнеше рет өзінің орналасқан жері туралы мәлімет бермеуіне байланысты екенін атап өткен еді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

DAR PRO TEAM (@darteam.kazakhstan) жарияланымы


Шавкат Рахмонов чемпиондық жекпе-жектен және UFC рейтингіндегі орнынан айырылды
Еске сала кетейік, Қазақстанның ең танымал UFC файтері 2024 жылғы 8 желтоқсандағы турнирден бері октагонға шыққан жоқ. Сол кезде ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын.
Бастапқыда бұл жекпе-жек Шавкатқа чемпиондық белбеу үшін болуы тиіс еді, бірақ титул иегері Белал Мухаммад жарақатына байланысты кездесуден бас тартты.
2026 жылдың 31 қаңтарында Шавкат Рахмонов Naiza турниріне балдақпен келді, содан кейін оның жарақаты туралы ресми мәлімдеме жасалды.
Көп ұзамай UFC қазақстандықты сол кезде екінші сатыда тұрған жартылай орта салмақ рейтингінен шығару туралы шешім қабылдады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Shavkat Rakhmonov (@shavkatrakhmonov94) жарияланымы


Кейін Шавкатқа Германияда ота жасалды, содан бері әлеуметтік желілерде тек оның қалпына келу сәттерінен кадрлар жарияланып келді. Енді ғана қазақстандық спорт залындағы жаттығуларына қайта оралды.
Шавкаттың жекпе-жекке оралу мерзіміне келетін болсақ, қазақстандықты октагонда 2027 жылдан ерте көруіміз екіталай.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *