Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

WhatsApp-тың iPhone-ға арналған нұсқасында көптен күткен функция пайда болды

WhatsApp танымал мессенджері iOS пайдаланушылары үшін iPhone иелерінің басты мәселелерінің бірін шешетін ауқымды жаңартуды шығарды. Енді қолданушылар бір смартфондағы бір қолданба ішінде екі түрлі аккаунтты ресми түрде пайдалана алады, деп хабарлайды Tengri Life.
Бұл не үшін қажет?
WabeTaInfo дерегінше, әзірлеушілер бұл жаңалықты бірнеше ай бұрын хабарлаған болатын, алайда осы уақытқа дейін оған тек тестерлердің шектеулі тобы ғана қол жеткізе алды. WhatsApp-тың iOS-қа арналған 26.22.76 нөмірлі соңғы жаңартуының шығуымен бұл функция баршаға қолжетімді болды. Жаңа нұсқа App Store дүкенінде пайда болды.
Бұл функция жұмыс чаттары мен жеке хаттарды шатастырудан шаршағандар үшін таптырмас шешім болмақ. Енді қолданбадағы әр аккаунттың:

бөлек чаттар тарихы мен архиві;жеке құпиялылық параметрлері;жеке хабарландырулары (хабарламаның қай нөмірге келгенін бірден түсінуге болады) болады.

Бұрын iPhone иелеріне түрлі айла-шарғыларға баруға тура келетін: бөлек WhatsApp Business қолданбасын жүктеу, Safari-де веб-нұсқасын ашық ұстау немесе қасына екінші телефон алып жүру. Енді мұның бәрі артта қалды. Сонымен қатар қолданбада бір уақытта екі аккаунттан артық пайдалануға болмайды.iPhone-да екінші WhatsApp аккаунтын қалай қосуға болады?
Екінші аккаунтты қосу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

WhatsApp-ты ашып, "Баптаулар" (Настройки) бөліміне өту;
"Есептік жазба қосу" (Добавить учетную запись) тармағын таңдау;
SMS-код алу үшін екінші телефон нөмірін енгізу немесе аккаунт байланыстырылған құрылғы ретінде қосылса, QR-кодты сканерлеу.

Аккаунттар арасында қалай ауысуға болады?Әзірлеушілер жүйеден шықпай-ақ аккаунттар арасында ауысудың бірнеше жолын қарастырған:

Қолданбаның төменгі мәзіріндегі "Сіз" (Вы) қосымша бетін басып тұрыңыз - экранда профильдерді таңдау мәзірі пайда болады.
Белсенді нөмірлер тізімін көру үшін "Сіз" қосымша бетін бір рет басыңыз немесе "Есептік жазбалар", содан кейін "Есептік жазбаны ауыстыру" бөліміне өтіңіз.

Бұл Қазақстанда қолжетімді ме?
Иә, бұл функция біртіндеп барлық қазақстандықтар үшін қолжетімді болады. Оның iPhone-да пайда болғанын тексеру үшін App Store дүкеніне кіріп, WhatsApp-ты соңғы нұсқасына дейін жаңарту жеткілікті. Сондай-ақ бұл жаңалық TestFlight арқылы бета-бағдарлама қатысушыларында да жұмыс істейді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *