Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда өртсөндірушілерге ТЖ орнына жету үшін көліктерді соғуға рұқсат берілмейді

Депутаттар құтқарушыларға зардап шеккендерге жедел жетуге кедергі келтірген жағдайда автокөліктерді, шлагбаумдарды және басқа да нысандарды ашу немесе зақымдау құқығын беруді ұсынды. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?
Астанада өртсөндірушілер тұраққа қойылған автокөліктің кесірінен оқиға орнына жедел жете алмаған болатын. Осы жағдайдан кейін Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков шұғыл қызметтерге шақырту орнына баруға кедергі келтірген жағдайда жолдағы автокөліктерді, шлагбаумдар мен басқа да нысандарды "ысырып тастауға" рұқсат беруді ұсынды. Ол мұндай ұсыныспен премьер-министр Олжас Бектеновке жүгінген болатын.
Сондай-ақ сенатор Марат Қожаев Қазақстан қалаларында арнайы техникаға арналған орындардың тапшы екенін мәлімдеді.
Үкімет не деп жауап берді?
Премьер-министр депутаттық сауалға берген жауабында заңға сәйкес, өрт сөндіру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлері қажет болған жағдайда есіктерді, терезелерді, шатырларды және басқа да қоршау конструкцияларын, соның ішінде шлагбаумдарды ашуға құқылы екенін еске салды. Мұндай шараларға өрттің таралуын болдырмау және оны жою мақсатында рұқсат етіледі.
Анықтама: Үкімет ақпаратынша, өрт сөндіру кезінде заңды түрде әрекет еткен қызметкерлер келтірілген зиянды өтеуден босатылады ("Азаматтық қорғау туралы" Заңның 63-бабы).
Бұдан бөлек, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес, шлагбаумдар тәулік бойы кезекшілік атқаратын персоналмен немесе қажет болған жағдайда оларды қолмен ашуға мүмкіндік беретін механизммен жабдықталуы тиіс.

"Сонымен қатар уәкілетті органдар өту жолын бөгеп тұрған көлікті зақымдауға (соғуға) рұқсат беру мәселесін орынсыз деп санайды, өйткені шектеулі жағдайларда және кедергілер болған кезде өртті сөндірудің әртүрлі әдістері бар. Тығыз салынған құрылыс аймақтарындағы өрт кезіндегі іс-қимыл алгоритміне сәйкес, өрт сөндіру бөлімшелерімен бірге жолға кедергі келтіретін көлікті мәжбүрлеп жылжыту (эвакуациялау) үшін полиция қызметкерлері де шығады", – делінген Бектеновтің жауабында.

Үкіметтің мәліметінше, полиция қызметкерлері талаптарды бұза отырып көлік қоюға жол бермеу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.
Анықтама: Көлік қозғалысына немесе көппәтерлі тұрғын үйлерге өтуге кедергі келтірілген жағдайда, автокөлік арнайы айып тұрақтарына эвакуацияланады.
Сонымен қатар Бектенов ТЖМ құрылыс нормаларына өзгерістер енгізуді дайындап жатқанын хабарлады. Оған сәйкес көппәтерлі үйлердің жанында өрт сөндіру техникасына арналған таңбалары мен жол белгілері бар арнайы алаңдар қарастырылуы тиіс.

"Көппәтерлі тұрғын үйлердің жанында өрт сөндіру техникасын қою үшін арнайы алаңдарды (өлшемі кемінде 15×6 метр, түрлі-түсті таңбасы және арнайы жол белгісі бар) міндетті түрде орнату бөлігінде құрылыс нормаларына түзетулер енгізу мәселелері пысықталып жатыр", – деп хабарлады премьер.

Еске сала кетейік, 12 сәуірге қараған түні Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Пәтер ішінен үш баланың денесі табылды. Өртсөндірушілер бір әйелді құтқарып қалды, ол денесін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шығып үлгерді. Өрт дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Әлеуметтік желілерде көліктердің бірі өрт сөндіру көлігінің жолын бөгеп тастағаны, соның салдарынан олар оқиға орнына уақытында жете алмағаны туралы ақпарат тараған болатын.
Сол кезде Астана ТЖД құтқарушылардың мәліметіне сүйеніп, тұрғын үй кешенінің ауласына кіреберіс темір қақпамен жабылып, ал ауланың өзі автокөліктерге толып қалғанын хабарлаған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *