Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мәдениет министрлігі бюджет қаражатына түсірілген фильмдер неге өзін-өзі ақтамайтынын түсіндірді

Қазақстанда бюджет қаражатына түсірілген фильмдер салынған инвестицияның небәрі 1,5-3 пайызын ғана мемлекет қазынасына қайтарады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Дәулет Мұқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?
Депутат Мұқаевтың айтуынша, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылған сәттен бастап кейінгі 5-6 жылда бюджеттен 30 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Бірақ бірде-бір фильм өзін-өзі ақтамаған.

"Жоғары аудиторлық палатаның ресми деректері көрсеткендей, мемлекет қаржыландырған фильмдердің басым бөлігі прокатқа шықпаған, коммерциялық пайда әкелмеген және іс жүзінде мұрағаттарда қалып қойған. Осы уақыт ішінде мемлекет қазынасына салынған жалпы қаражаттың небәрі 1,5-тен 3 пайызына дейін ғана қайтарылды", – деді депутат.

Мәжілісмен тиімсіз шығындардың мысалы ретінде 2025 жылғы конкурс қорытындысын келтірді. Оның нәтижесі бойынша мемлекет бірден 16 киножобаны: 5 көркем фильмді, 6 деректі фильмді және 5 мультфильмді өндіріске жіберген.

"Мына сұраққа жауап берсеңіздер: 2025 жылы киноөндіріске бюджеттен бағытталған қаражаттың нақты қанша пайызы мемлекет қазынасына қайтарылды? Миллиардтаған бюджет қаражатын тиімсіз жұмсағаны және мемлекетке кассалық қайтарымды қамтамасыз етпеген сәтсіз жобалар үшін нақты кім жауапты болады?", – деп сұрады Мұқаев.


"Біздің міндетіміз – патриотизмді дамыту"
Фильм түсіру кезінде ақша басты мәселе емес. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді.

"Басты мақсат – коммерцияландыру емес, идеологиялық құрамдас бөлік. Біз азаматтарымыздың патриотизмін арттырып, ұлттық құндылықтарымызды осы тұрғыдан көрсетуіміз керек. Бұл жағдайда біз, әрине, коммерцияландыруды екінші планға ысырамыз", – деді Ысқақов.

2025 жылғы 16 жоба туралы сұраққа жауап бере отырып, Қанат Ысқақов жұмыстардың әлі прокатқа шықпағанын және олардың табыстылығы туралы айту әлі ерте екенін жеткізді.

"Олар прокатқа шығады және фестивальдерге қатысады. Оларға бағаны азаматтарымыз береді", – деп жауап берді бірінші вице-министр.

Депутат Мұқаев сондай-ақ қазақстандықтардың бұл туындыларды кинотеатрлардан мүлдем көрмейтінін, ал олардың мұрағаттарда шаң басып жатқанын айтты. Алайда Қанат Ысқақов "бірде-бір туынды ұмытылмайды" деп сендірді. Оның айтуынша, жоспарланған фильмдердің түсірілімі аяқталған, ал келесі жылы олар ресми түрде прокатқа шығып, міндетті түрде "көрерменге жол тартады".

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *