Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Вице-министр емізулі баласын көтеріп, курьер сөмкесін асынған әйелдің суретіне қатысты пікір білдірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай желіде қазақстандықтардың қызу талқысына түскен фотоға қатысты сұраққа жауап берді. Суретте қолында сәбиі, арқасында курьер қызметінің үлкен рюкзагі бар жас әйелдің аптапта көшеде кетіп бара жатқаны бейнеленген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Брифингте журналистер Шегайдан бұл фотоны көрген-көрмегенін және декреттік демалыстағы әйелдің курьер болып жұмыс істеуге мәжбүр болуын қалыпты жағдай ма деп сұрады.

"Фотоға келетін болсақ, бұл мәселеге қатысты пікір білдіруге құзыретім жетпейді. Біріншіден, бұл суреттің нақты қай жерде түсірілгенін және қай қала туралы сөз болып жатқанын білмеймін. Екіншіден, егер мәселе бала күтімі бойынша декреттегі ананың не істеуі керектігіне қатысты болса, бұл отбасылық бюджет пен отбасылық қарым-қатынас мәселесі деп ойлаймын. Сондықтан бұл жерде өз тарапымнан пікір білдіру дұрыс болмас еді", - деп жауап берді Виктория Шегай.

Журналистердің айтуынша, сурет Алматыда түсірілген. Фото жарияланғаннан кейін қазақстандықтар бірнеше күн бойы жас әйелді іздеген: оның нәрестені қолына алып, арқасына курьерлік рюкзак асынып, қайнаған ыстықта жұмыс істеп жүрген сәті мыңдаған адамның жүрегін тебірентті.

"Бұған қосарым жоқ. Сұрағыңызға өз құзыретім шеңберінде жауап бердім", - деп түйіндеді вице-министр Виктория Шегай.

Мән-жайы
Бұған дейін де осыған ұқсас оқиға туралы жазған болатынбыз: әлеуметтік желіде сәбиімен серуендеп жүріп, бір мезгілде курьер ретінде тапсырыс жеткізген алматылық келіншектің видеосы тарап кеткен еді. Кадрларда әйелдің арқасына курьердің үлкен рюкзагін асынып, балалар арбасын итеріп бара жатқаны көрінеді. Желі қолданушылары көмек көрсету үшін оны тауып беруді сұраған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *