Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда кей әскери қызметшілер үш еселенген төлем алады

Қазақстанда әскери қызметшілерге төтенше жағдайларды жоюға, антитеррорлық операцияларға қатысқаны және төтенше жағдай режимін қамтамасыз еткені үшін үш еселенген мөлшерде ақшалай үлес төленеді. Сенат депутаттары тиісті түзетулерді қарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенаторлар "Кейбір заңнамалық актілерге әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын, қорғаныс және әскери қызмет мәселелерін жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қарады.

Комитет төрағасы Андрей Лукиннің сөзінше, құжат "Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" және "Бітімгершілік қызмет туралы" заңдарға түзетулер енгізуді көздейді.

Атап айтқанда, шетелдегі әскери өкіл аппаратының құқықтық мәртебесі заң жүзінде бекітіледі, оны қаржыландыру тәртібі айқындалады, сондай-ақ мұндай аппараттарда қызмет ететін әскери қызметшілердің лауазымдары дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің лауазымдарына теңестіріледі.

Бұдан бөлек, бірқатар өзгеріс әскери қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған.

Мәселен, Қарулы Күштер мен Шекара қызметінің әскери қызметшілері төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, антитеррорлық операцияларды өткізуге және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге қатысқан кезде үш еселенген мөлшерде ақшалай төлем ала алады.

Сондай-ақ әскери лауазымдарды иеленбейтін және қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылуына немесе бұлтартпау шарасының қолданылуына байланысты командирдің немесе бастықтың қарамағында жүрген әскери қызметшілерге ең төменгі жалақы мөлшерінде төлемдер қарастырылған.

Талқылау қорытындысы бойынша Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті заң жобасын мақұлдауды ұсынды. Құжат әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіруге, сондай-ақ қорғаныс және әскери қызмет мәселелерін реттеуге бағытталған.

Мән-жайы

Бұған дейін Голан жоталарындағы БҰҰ миссиясына жіберілетін қазақстандық әскери қызметшілерге ай сайын үш еселенген ақшалай үлеске тең төлем, сондай-ақ ұйым бюджетінен төлемдер төленетіні туралы жазған едік.

Қазақстандық бітімгерлер сондай-ақ Ливан, Сирия, Батыс Сахара, Оңтүстік Судан, Конго Демократиялық Республикасы және Орталық Африка Республикасындағы миссияларға қатысып жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстан БҰҰ ең қиын миссияларының біріне бітімгерлерді жіберді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *