Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Безгек пен басқа да қауіпті аурулар: қазақстандықтарға масаның қаупі ескертілді

Қазақстанда жәндік шағуы арқылы жұғуы мүмкін аурулар әлі де тіркеліп жатыр. Мамандар әсіресе шетелге шығатын азаматтарға сақ болуды ескертеді. Сондай-ақ, ел аумағында денге қызбасы, Зика вирусы және басқа да қауіпті инфекцияларды тарататын масалардың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін деген қауіп те назарда ұсталып отыр, - деп хабарлайды TengriHealth.Қазақстанда қандай жәндіктер қауіп төндіреді?Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы Паразиттік аурулардың профилактикасы бөлімінің бас маманы Жанна Шапиеваның айтуынша, Қазақстан аумағында эпидемиологиялық маңызы бар жәндіктер бар.
Олардың қатарында мынадай ауруларды тасымалдаушылар болуы мүмкін:

Anopheles тұқымдас масалар — безгек (малярия);
Aedes және Culex тұқымдас масалар — кейбір арбовирустық инфекциялар, соның ішінде Батыс Ніл қызбасы;Москиттер — тері және висцералды лейшманиоз (Leishmania тұқымдас қарапайым паразиттер қоздыратын ауру);Шіркейлер — кейбір паразиттік аурулардың берілуіне қатысады.

Қандай жағдайлар тіркеліп үлгерді?
Сарапшының айтуынша, мұндай инфекциялардың басым бөлігі Қазақстанға өзге елдерден әкелінген жағдайлармен байланысты болғанымен, олардың таралу қаупі әлі де сақталып отыр.2023–2025 жылдар аралығында елімізде мынадай жағдайлар тіркелді:

сырттан келген 10 безгек жағдайы;тері лейшманиозының 314 жағдайы;дирофиляриоздың 12 жағдайы (Dirofilaria тұқымдас жұмыр құрттар қоздыратын паразиттік ауру).

2026 жылдың алғашқы бес айында мамандар безгек пен тері лейшманиозының тағы екі жағдайын анықтады.
Дәрігерге қашан жүгіну керек?
Жанна Шапиева жәндіктер шаққаннан кейін денсаулықты бақылау маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, мына жағдайларда медициналық көмек қажет:

айқын аллергиялық реакция байқалса,қатты ісінсе,тыныс алу қиындаса,дене қызуы көтерілсе,жалпы жағдай нашарласа.

Әсіресе, шетелдік сапарлардан оралғаннан кейін мұқият болу керек.

"Жәндіктер арқылы жұғатын аурулар тіркелген елдерге барғаннан кейін қызба, бөртпе, әлсіздік немесе басқа да ауру белгілері пайда болса, медициналық көмекке жүгіну керек және дәрігерге соңғы саяхаттарыңыз туралы міндетті түрде хабарлау қажет. Бұл аурудың себебін тезірек анықтауға және емдеуді дер кезінде бастауға көмектеседі", — деп атап өтті Жанна Шапиева.

Жаңа қауіпті түрлердің ену қаупіҚолданыстағы қауіптерден бөлек, мамандар инфекция тарататын жаңа буынаяқтылардың пайда болуын қадағалап отыр. Олар әсіресе Aedes aegypti және Aedes albopictus масаларына ерекше назар аударуда.

"Бұл түрлер бізде кездеспегенімен, олар әлемнің әртүрлі аймақтарына белсенді түрде таралып жатыр және денге қызбасы, чикунгунья, Зика вирусы мен сары безгек сияқты аурулардың негізгі тасымалдаушысы", — деп түсіндірді маман.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *