Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ӘЧ-2026: Жапон жанкүйерлерінің әрекеті әлемді тағы таңғалдырды

Жапон жанкүйерлері 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы әрекеттерімен әлемді тағы таңғалдырды. Нидерландпен өткен матчтің финалдық ысқырығынан кейін олар стадионнан кетуге асықпады. Оның орнына жанкүйерлер пакеттерін шығарып, трибунада қалып, өз секторын қоқыстан тазалауға кірісті, деп хабарлайды Tengri Life.
Не болды?
15 маусымға қараған түні F тобының бірінші туры аясында Жапония мен Нидерланд құрамалары 2:2 есебімен тең түсті. Алайда көрермендер назарын ойын ғана аударған жоқ.
Финалдық ысқырық естіле салысымен жапон жанкүйерлері пакеттерін алып, өз секторларындағы қоқысты жинай бастады. Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерде тез тарап, кезекті рет жұртты сүйсіндірді.

Қызығы, жанкүйерлер матчқа өк түсті пакеттермен келген, оны ойын кезінде команданы қолдау атрибуты ретінде пайдаланған. Ал финалдық ысқырықтан кейін бұл пакеттер тікелей мақсаты бойынша - қоқыс жинау үшін қажет болды.
Көпжылдық дәстүр
Жапон жанкүйерлері үшін мұндай іс-әрекет ірі халықаралық турнирлерде әлдеқашан дәстүрге айналған. Олар кездесу нәтижесіне қарамастан, өз құрамасы матчтарынан кейін трибуналарды үнемі жинап жүреді.
2018 жылы Ресейде өткен Әлем чемпионатында да солай болған еді. Ол кезде жапондар Колумбия командасын жеңгеннен кейін қоқыс жинады, кейін Бельгиядан жеңіліп, келесі кезеңге өту мүмкіндігінен айырылған драмалық матчтан соң да осы әрекетін қайталады.
2022 жылы Қатарда өткен футболдан Әлем чемпионатында жапон жанкүйерлері қатарлықтарды дәл осылай таңғалдырған болатын.
Әлеуметтік желідегі реакция
Желі қолданушылары жапон жанкүйерлеріне тағы да тәнті болып, олардың соңынан жинау әдеті Жапония құрамасы сияқты танымал бола бастағанын атап өтіп жатыр.
Кейбіреулер жапондар қатысқан матчтардан кейін стадион қызметкерлеріне жарықты өшіріп, есікті жабу ғана қалады деп әзілдейді.
Жапон жанкүйерлерінің бұл әдеті өзгелерге үлгі болды.
Бұған дейін Шымкентте стадионды жинауға дағдыланған жапон жанкүйерлерінің үлгісімен жаңа бастама пайда болған еді. Ақтөбелік жанкүйерлер де жапондықтардан үлгі алып, футбол матчтерінен кейін стадионды қоқыстан тазалай бастады.
Тағы оқыңыз: Әлем чемпионатындағы Нидерланды - Жапония матчі төрт голмен аяқталды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *