Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Неге жасанды интеллект сияқты?“. Желіде “Шрек 5“ тизері талқыға түсті

Желі қолданушылары "Шрек 5" мультфильмінің жаңа трейлерін қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Tengri Life.
Видео
Ролик Universal Pictures студиясының ресми YouTube-арнасында жарияланды. Қазіргі таңда оны 1,2 миллионнан астам адам тамашалаған. Бұл ретте видеоның пікір жазу функциясы өшірілген. Тизер-трейлердің ұзақтығы 81 секундты құрайды.
Шрек, Есек және Фиона кейіпкерлерін баяғыша Майк Майерс, Эдди Мерфи және Кэмерон Диас дыбыстайды. Сондай-ақ актерлік құрамға Зендея қосылды, ол Шрек пен Фионаның қызы - Фелицияға дауыс береді.

"Шрек 5" мультфильмінің режиссерлері - танымал кинематографистер Конрад Вернон мен Уолт Дорн.
Фильмнің қосалқы режиссері - кезінде "Миньондар: Грювитация" жобасында жұмыс істеген Брэд Эблесон.
Әлеуметтік желілерде не айтылып жатыр?
Universal Pictures компаниясының Instagram-дағы тизер жарияланымының астына қолданушылар 19 мыңнан астам пікір қалдырған.

Бұл неге жасанды интеллект жасаған дүние сияқты көрінеді?
Анимацияны өзгертудің не қажеті бар? Культтық деңгейге көтерілген дүниені өзгерту туралы шешімдердің логикасын ешқашан түсінген емеспін.
DreamWorks, егер бұл фильмді түсіргілеріңіз келмесе, ештеңе жасамай-ақ қойғандарыңыз дұрыс еді.
Әдетте пікір жазбайтын едім, бірақ өтінемін, алдыңғы төрт фильмдегі анимация стилін қайтарыңыздаршы.
Шынымды айтсам, тағы бір сиквел түсіру жақсы идея болды деп әлі де ойламаймын. "Шрек мәңгілік" өте лайықты аяқталған болатын. Жеке өзім "Етікші мысықтың" жалғасын көргенді жөн санар едім.

Шрек
Еске сала кетейік, Шрек туралы алғашқы мультфильм 2001 жылы жарық көріп, нағыз хитке айналды. Туынды "Үздік анимациялық фильм" номинациясы бойынша "Оскар" сыйлығын иеленді, ал ертегідегі ханзаданың классикалық бейнесінен мүлдем өзгеше ерекше бас кейіпкер тез арада бүкіл әлем көрермендерінің ықыласына бөленді.
Жалғасы 2004 жылы шығып, екі "Оскар" номинациясына ие болды. Үшінші бөлімі 2007 жылы жарыққа шығып, кассалық жинақ бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Төртінші фильм - "Шрек мәңгілік" - 2010 жылы шықты. Сыншылар мен көрермендердің пікірі сан алуан болғанына қарамастан, туынды коммерциялық тұрғыда сәтті болды.
Франшизаның бесінші бөлімінің премьерасы 2027 жылдың жазына жоспарланған.
Сондай-ақ 2025 жылдың наурызында алғашқы тизер шыққаннан кейін желі қолданушылары роликті әртүрлі қабылдағанын айта кеткен жөн. Кейбіреулер графика мен анимацияны сынаса, басқалары фильм алдыңғы бөлімдердегі атмосфераны жоғалтты деп есептеді. Сонымен қатар көбі премьераны күтіп, содан кейін ғана түпкілікті қорытынды жасауға шақырды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *