Месси Әлем чемпионаты матчінде хет-трик жасады
Аргентина құрамасының барлық голының авторы "Интер Майамидің" жұлдызды шабуылшысы Лионель Месси болды. 38 жастағы шабуылшы 17-минутта Родриго де Паульдың пасынан кейін гол соқты.
Сондай-ақ ол 60-шы және 76-шы минуттарда мергендік танытты (нәтижелі пас Николас Гонсалестің еншісінде).
Месси покер жасауы мүмкін еді, алайда оның 5-минутта соққан добы ойыннан тыс қалу (офсайд) жағдайына байланысты есептелмеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Selección Argentina (@afaseleccion) жазбасынан
Аргентина құрамасы келесі кездесуін 22 маусымда Австрияға қарсы өткізеді. Ал Алжир ұлттық құрамасы 23 маусымда Иорданиямен ойнайды.
Бұған дейін Франция құрамасы Сенегалды жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының I тобындағы алғашқы матчін өткізген болатын.