Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шаң мен батпақ: Орал іргесіндегі тұрғындар жол сапасына шағымданды

Орал қаласының іргесіндегі Мичурин ауылының тұрғындары жазда шаң жұтып, жаңбырдан кейін батпаққа батудан шаршаған, сондықтан жолдарды жөндеуді сұрайды. Олар тіпті өз қаражаттарына жоба дайындатқан, алайда оның іске асырылмай жатқанына екі жыл болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Мичурин ауылы – Орал іргесіндегі елдімекен. Көбісі табиғатқа жақын, қала қарбаласынан алыс болу үшін осы жерге қоныстанады. Бұл аудан арзан емес, бірақ мұндағы жолдардың жағдайы мәз емес. Жергілікті тұрғындар жол жөндеуге жылдар бойы қаражат табылмай жатқанын түсіндірді.

"Осында тұрып жатқаныма бес жыл болды, биыл алтыншы жыл, мәселеміз әлі сол. Қазір жолдар сәл де болса тегістелді, оның өзі осында тұратын тұрғындардың арқасы... Бұрын жағдай мүлдем нашар еді", - деді тұрғындардың бірі.

Жаңбырдан кейін көшелерде жүру мүмкін емес, ал аптап ыстықта шаң қолқаны қабады. Ауыл өсіп келеді: мұнда балабақшалар салынып, бизнес дамып жатыр.

"Жазда шаңнан тыныстау мүмкін емес, кішкентай балалар балабақшаға, мектепке барады. Бұл нағыз қиындық. Жаңбыр жауса, өздеріңіз көріп тұрғандай, жолмен жүру мүмкін емес. Үйде қарт кісілер бар. Жедел жағдай бола қалса, көлік келе алмайды", - деп атап өтті тағы бір тұрғын.

Халық өздеріне өздері көмектесуге тырысып баққан. Жақында шұңқырларды аздап тегістеу үшін автогрейдер жалдаған. Бірақ асфальтты да өз есебімізден төсемейміз ғой деп наразылық білдірді. Дегенмен бұл іске де атсалысып үлгерген: осыдан екі жыл бұрын жол жөндеу жобасын әзірлеуге ақша төлеген. Жоба жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерден жиналған қаражат есебінен жасалды. Оған 8 миллион теңге жұмсалған.
Құжат бойынша, бұл жолдардың бәрін жөндеу үшін 800 миллион теңге қажет. Бірақ аудан бюджетінде мұндай ақша жоқ. Ауылдық әкімдіктегілердің айтуынша, әлгі жол жөндеу жобасын ыңғайлы болу үшін екі бөлікке бөлген. Бірінші бөлікке кірген көшелерді жасап үлгерген, содан кейін су тасқыны болып, бюджетте тапшылық туындап, жұмыс тоқтап қалған.

"Жергілікті тұрғындар облыс әкімінің орынбасарымен кездесті, ол кісі аумақтарды дамыту жоспарын көрсетті. Бұл мәселе үш жылдық даму жоспарына енді. Бірақ әзірге қаржы бөлінген жоқ, жоба басталған жоқ", - деп хабарлады Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мусалимов.

Жұмыстың қашан басталатынын ешкім білмейді. Қажетті қаражат республикалық бюджеттен бөлінуі тиіс. Бірақ әзірге нақты мерзімдер туралы сөз қозғалып отырған жоқ.

Тағы оқыңыз: Оралдағы атышулы көлік ұрлығы видеоға түсіп қалды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *