Өзбекстанның 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы қарсыластары: Колумбия, Португалия және Конго туралы не белгілі?
K тобы: күштердің арасалмағы
K тобында Португалия құрамы мен тәжірибесі арқасында сөзсіз фаворит саналып отыр. Колумбия екінші орынға басты үміткер әрі мықты ортанқол команда көрінеді. Конго ДР - физикалық дайындығы жоғары және күтпеген нәтиже көрсете алатын қауіпті аутсайдер болса, Өзбекстан - топтағы рейтингі ең төмен команда, сондықтан оларға әр матчте ұпай үшін жан алысып, жан берісуге тура келеді.Өзбекстан үшін дода 17 маусымда Колумбияға қарсы қиын матчпен басталып, кейін 23 маусымда Португалиямен жалғасады. Топтан шығу ықтималдығы бар, әсіресе плей-офф кезеңіне тек алғашқы екі орын емес, үшінші орын алған үздік командалардың да өтетінін ескерсек, үміт басым.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
UFA (@uzbekistanfa) жарияланымы
Колумбия - Өзбекстанның алғашқы қарсыласы
Жұлдыздары мен ойын стилі
Колумбияны аргентиналық маман Нестор Лоренсо жаттықтырады. Команда қапталдарға және допты бақылауға негізделген техникалық, шабуылдаушы футболымен танымал.
Көшбасшылары - капитан Хамес Родригес ("Миннесота Юнайтед"), Луис Диас ("Бавария"), сондай-ақ қорғаушылар Дэвидсон Санчес ("Галатасарай"), Джон Лукуми ("Болонья") және шабуылшылар Хуан Камило Эрнандес ("Реал Бетис") пен Джон Кордоба ("Краснодар").Қақпашылар шебінде тәжірибелі Давид Оспина ("Атлетико Насьональ") мен Камило Варгас ("Атлас") өнер көрсетеді.
Колумбия - допқа иелік етуді жақсы көретін және жеке шеберлік есебінен қауіпті сәттер тудыратын ұжым.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Selección Colombia (@fcfseleccioncol) жариялаған жазба
Өзбекстан үшін несімен қауіпті?
Колумбия қапталдағы жылдамдығы (әсіресе Луис Диас), Хамес Родригестің дәл пастары және шабуылды аяқтау шеберлігімен қауіпті. Өзбекстан қорғанысына қарсыластың шабуылға жылдам ауысуына барынша сақ болу керек.Өзбекстан үшін алғашқы матч шешуші болмақ: бұл жерде ұпай жоғалту шығып қалу ықтималдығын айтарлықтай арттырады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Selección Colombia (@fcfseleccioncol) жариялаған жазба
Португалия - топтың басты фавориті
Роналду және оның серіктері
Роберто Мартинес бастаған Португалия - турнирдегі ең жұлдызды құрамдардың бірі. 41 жастағы Криштиану Роналду өзінің алтыншы әлем чемпионатына аттанбақ - бұл абсолют рекорд.
Оның айналасында топ-ойыншылар шоғырланған: Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед"), Рафаэль Леау ("Милан"), Бернарду Силва (бұған дейін "Манчестер Сити"), Рубен Диаш ("Манчестер Сити"), Жуан Феликс ("Аль-Наср") және тағы басқалары.
Португалдықтардың құрамында тәжірибе мен жастық жігер үйлесім тапқан, қорғанысы мығым, ал шабуылы сан түрлі әдіске бай.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Portugal (@portugal) жариялаған жазба
Өзбекстанмен өтетін матчтен не күтуге болады?
Португалияға қарсы ойын Өзбекстан үшін ең қиын сынақ болары сөзсіз. Португалдықтар допқа иелік етуде басымдық танытып, көптеген қауіпті сәттер жасай алады. Өзбекстанға қорғаныста тәртіпті ойнап, қарымта шабуылдан мүмкіндік іздеуге және қарсыластың қателігіне үміт артуға тура келеді.
Роналду 41 жаста болса да, мотивациясы жоғары және гол соғуға әрқашан дайын.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Cristiano Ronaldo (@cristiano) жарияланымы
Конго ДР
Конго ДР - физикалық қуаты мықты, атлетикалық дайындығы мен тәртібі жоғары команда. Негізгі ойыншылары: капитан Шансель Мбемба ("Лилль"), Аарон Уан-Биссака ("Вест Хэм Юнайтед"), Аксель Туанзебе ("Бернли"), Седрик Бакамбу ("Реал Бетис"), Фистон Майеле ("Пирамидз") және Мешак Элиа ("Аланьяспор"). Құрамда еуропалық клубтарда ойнайтын легионерлердің көптігі команда сапасын арттырып отыр.
Мықты тұстары - жекпе-жектегі күрес, стандартты жағдайлар және жылдам қарымта шабуылдар. Конго ДР-мен өтетін матч Өзбекстан үшін шешуші болуы мүмкін: бұл ұпай жинаудың ең нақты мүмкіндігі. Бұл ойындағы жеңіс немесе тең нәтиже плей-оффқа шығу мүмкіндігін еселей түседі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Fecofa Rdc (@fecofadrc) жариялаған жазба
Өзбекстанның топтан шығуға деген шынайы мүмкіндіктері2026 жылғы әлем чемпионаты 48 команда қатысатын жаңа формат бойынша өтеді. Топта төрт құрама бар, әрқайсы үш матчтан өткізеді. 1/32 финалға әр топтан ең үздік екі команда және үшінші орын алған сегіз үздік құрама шығады.
Бұл Өзбекстанға үлкен мүмкіндік береді: тіпті 4-6 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтаған жағдайда да, өзге топтардағы нәтижелер сәтті болса, жарысты жалғастыруға болады.Өзбекстанға барынша жанқиярлық пен тәртіп көрсетіп, өзіне тән қайсар мінезін пайдалану қажет. Әлемдік додадағы тарихи дебюттің өзі үлкен жетістік, ал топтан шығу нағыз сенсацияға айналмақ.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
UFA (@uzbekistanfa) жарияланымы
Еске салайық, Өзбекстан құрамасының алғашқы матчі 18 маусымда таңертең Мехикодағы (Мексика) "Ацтека" стадионында өтеді. Олардың қарсыласы Колумбия ұлттық құрамасы болады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
UFA (@uzbekistanfa) жарияланымы
Өзбекстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчін қайдан көруге болатынын мына сілтеме арқылы біле аласыз.