Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Найзағай және 35 градус ыстық: Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 25, 26 және 27 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

25 маусым көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +26...+28 градус.

26 маусым көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +28...+30 градус.

27 маусым көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

25 маусым көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай болады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +30...+32 градус.

26 маусым көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз қатты ыстық +33...+35 градус болады.

27 маусым көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +22...+24 градус, күндіз қатты ыстық +33...+35 градус.

Қазақстанда аномальді ыстық болады

Бұған дейін синоптиктер 25–27 маусымда Қазақстанға солтүстік-батыс циклоны келіп, жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын, бұршақ түсіп, екпінді жел соғатынын хабарлаған болатын. Елдің солтүстігі мен батысында күн 23–28 градусқа дейін салқындайды деп күтілуде, ал оңтүстік пен шығыста 40–42 градусқа дейінгі аптап ыстық сақталады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *