Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Toyota Қазақстанда 90-жылдары танымал болған модельді кері қайтарып жатыр: себебі неде?

Toyota Қазақстанда қауіпсіздік жастығының ықтимал ақауына байланысты ескі RAV4 үлгілерін кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап.

Toyota Motor Corporation-ның Қазақстандағы ресми өкілі "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС 1997–1998 жылдары шығарылған жекелеген Toyota RAV4 автокөліктеріне қатысты ерікті түрде кері қайтару науқанын жариялады.

Науқан аясында мамандар жүргізушінің алдыңғы қауіпсіздік жастығының газ генераторының жай-күйін тексеріп, қажет болған жағдайда оны тегін ауыстырады. Міселе зауытта орнатылған Takata (NADI) газ генераторларымен жабдықталған көліктер туралы болып отыр.

Компания өкілдерінің мәліметінше, уақыт өте келе газ генераторының кейбір компоненттерінің сипаттамалары нашарлауы мүмкін. Сирек жағдайларда бұл жол апаты кезінде қауіпсіздік жастығының дұрыс жұмыс істемеуіне әсер етіп, жарақат алу қаупін арттыруы ықтимал.

20SMD-005 кері қайтару науқаны аясындағы барлық жұмыс Қазақстандағы кез келген ресми Toyota дилерлік орталығында тегін жүргізіледі.

1997–1998 жылдары шыққан Toyota RAV4 иелеріне VIN-код арқылы көлігінің кері қайтару науқанына ілігетінін тексеру, содан кейін қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ресми дилерге жүгіну ұсынылады.

Тағы оқыңыз: Hyundai көліктері тежегіштегі ақауға байланысты жаппай кері қайтарылып жатыр: Қазақстанға қатысы бар ма?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *