Алматыдағы екі көше біржақты болады: жаңа қозғалыс схемасы
Қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, 30 маусымнан бастап Алматының Алмалы ауданындағы бірнеше учаскеде жол қозғалысы сызбасы өзгереді.
Жүргізушілер енді мына бағытта жүреді:
Қарасай батыр көшесімен – Розыбакиев көшесінен Варламов көшесіне дейінгі учаскеде батыс бағытта;
Құлымбетов көшесімен – Варламов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі учаскеде шығыс бағытта.
"Өзгерістер Алматы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылады. Бұл шаралар көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, көлік жүктемесін азайтуға және жолдағы қақтығысты азайтуға бағытталған", - деп атап өтті ведомство.
Шешім жол жағдайын талдау және тұрғындардың өтініші бойынша қабылданды. Жаңа сызба қозғалыстың неғұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз болуына септігін тигізеді деп күтіледі.
Әзірге біржақты қозғалыс сынақ режимде енгізіледі. Мамандар жолдағы жағдай қалай өзгеретінін бақылап, содан кейін жаңа сызбаны қалдыру немесе өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданады.
Бұған дейін әл-Фараби даңғылында газ құбырын ауыстыруға байланысты көлік қозғалыс ішінара шектелетіні хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: Енді “Көк базарға“ үйреншікті бағытпен бару мүмкін емес: не өзгерді?